Атырау, 26 желтоқсан 00:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Барлық балалардың қатысуымен рәсімделеді

3 796 просмотра

- Күйеуіміз екеуміздің 8 ержеткен балаларымыз бар. Пәтер сатып алған кезде біз оны менің атыма, күйемнің атына және балаларымның бірінің атына рәсімдеген едік. Тамыз айында күйеуім қайтыс болды. Енді маған пәтерді өз атыма қайтадан рәсімдеуім керек. Балаларымның екеуі Ресейде тұрады. Олар маған өздеріне сол жақта жүріп, мұрагерліктен бас тарту жөніндегі құжатты рәсімдеп жүрмеуі үшін өзіммен бірге тұратын балаға кейін қалдырылатындай етіп рәсімде дегенді айтады. Оны қалай жасауға болады?

Телефон арқылы

Сауалға нотариус Шәрбану ТӨЛЕГЕНОВА жауап береді. Өкінішке қарай, барлық балаларыңыздың түгел қатыспауы салдарынан мұрагерлікті рәсімдеу мүмкін емес. Заң бойынша мұрагерлер болып бірінші кезекте жұбайы, балалары және қайтыс болған адамның ата-аналары болып табылады. Олардың барлығы да мұрагерлікке бірдей құқық алады. Күйеуіңіздің қайтыс болғанына 6 ай уақыт өткеннен соң сіз және басқа да мұрагерлер мұрагерлік құқығын алатын болады.  Егер сіздің балаларыңыз мұрадаға өз үлестерінен бас тартатын болса, онда ол мұрагерлік сіздің пайдаңызға шешіледі. Мұны қалайда нотариальды рәсімдеу керек. Сіздің балаларыңыз егер олар келіскен болса, онда олар Ресейден нотариальды куәландырылған мұрадан бас тартқандығы жөніндегі құжатты, төлқұжат және туу туралы куәлік көшірмесін жіберуге тиісті. Мұндай жағдай кең тараған. Біздерде құжаттар тану туралы халықаралық конвенция бар, сондықтан да мұндай жағдайда ешқандай проблемалар туындамауы керек. Егер олар ресми түрде бас тартқандығы туралы құжатты жібермесе немесе өз мұрагерлік үлестерін алуға ниет білдірмесе, онда олардың  мұрагерліктегі үлесі ашық болып қалады. Сіз тек өзіңізге ғана өз мұрагерлік үлесіңізді ресімдей аласыз. Мұраны рәсімдеуді сіз мұрагерлікті ашу жөніндегі арызбен нотариусқа барып бастауыңызға тура келеді. Арыздан басқа сізге өзіңізбен бірге күйеуіңіздің өлгендігі туралы куәлікті, неке туралы куәлікті, балалаларыңыздың туу туралы куәліктерін ала баруыңыз керек. Егер сізде балаларыңыздың барлығының туу туралы куәліктері жоқ болса, нотариусқа балаларыңыздың нешеу екендігін, олардың аты-жөндерін айтуыңызға болады. Сондай-ақ, азаматтарды тіркеу кітапшасы (үй кітапшасы) және мүлік құрамы туралы барлық құжаттар, бұл жағдайда сатып алу-сату келісім шарты мен пәтердің басқа да құжаттары болу керек.  Одан әрі өзіңіздің мұраңыз болып табылатын сіздің мұрагерлігіңізге қатысты одан арғы қағазбастылықтан қашу үшін балаларыңыздың бірінің пайдасына өсиетхат жазып қоюыңызға немесе сыйға тарту келісім-шартын рәсімдеуге болады. Сыйға тарту келісім-шарты рәсімделгеннен кейін-ақ  күшіне енеді, ал, өсиетхат мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін  заңды күшіне енеді.

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.