- Біздің Сәтбаев даңғылындағы №8 үйдің жан-жағынан көлік жолдары өтеді. Өтетін жолдардың бірі үйге жақын орналасқан, бұл жерге жаяу жүргінші жолы салынбаған. Жұмыс күндері №17 балабақшаға таңертең және кешкілік уақытта машиналар ағыны көп жүреді. Осы қолайсыздықтардан үйімізге тікелей зиян тигізіліп отыр. Жерге түсетін жүк салмағының артуы канализациялық ағын тораптарының еңіс бұрышына әсер етті. Өткен жылы бізге белгі қоямыз деп жазбаша түрде жауап берген еді, бірақ ол әлі орнатылған жоқ.
Г. Тілесова
ІІД ЖПБ хабарлағандай, қала аулаларында толассыз қозғалысқа жол бермеу үшін және көлік құралдарының жылдамдық режимдерін бақылау үшін ЖПБ әкімдікке күрделі жөндеу жүргізілген және толассыз қозғалыс болуы мүмкін жерлерге жасанды кедергілер орнату қажеттігі туралы хабардар етті. Қазір бұл мәселе қаралуда.