- Қытай Халық Республикасынан әкелінетін тауарды рәсімдеу кезінде қандай құжаттар ұсыну керек?
Телефон арқылы
«Ақ Жайық» кедендік қосынының кедендік рәсімдеу орталығының бас маманы А.Меңдіхановтыңайтуынша, төмендегідей құжаттар қажет:
- тауар жеткізуші мен сатып алушының арасындағы келісім-шарт немесе келісім;
- сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушының есеп карточкасы;
- тауардың жөнелтпе құжаттары (теміржол жүкқұжаттары, әуе жүкқұжаттары, тауар тасымалдау жүкқұжаттары);
- есеп-шот фактурасы, тауардың құнын растайтын чектер;
- кедендік экспорттық жүк декларациясы;
- тауардың шығу тегі туралы сертификат;
- тарифтік емес реттеу құжаттары (сәйкестік сертификаты, фитосанитарлық сертификат, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы) және басқа рұқсат құжаттары.
Бұл тауарларға төмендегідей төлемдер мен салықтар салынады:
кедендік процедура – 50 еуро;
импорттық баж салығы – Беларусь, Қазақстан Республикаларының және Ресей Федерациясының Кедендік одағының Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы 27.11.2009 жылғы №130 комиссия шешіміне сәйкес;
- 12 пайыз мөлшерінде қосымша құн салығы салынады.