Атырау, 3 мамыр 20:00
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Әр тиын санаулы

- Зейнетақыны және босанғандығы бойынша берілетін жәрдемақыны есептеу кезінде екі кәсіпорыннан алынатын кіріс есептеле ме? Өйткені анам да мен секілді екі жерде жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлікке шықпақшы, ал менің босануым жақын. 17 ақпан 2011, 00:00 2 612 просмотра
Сұрақ-жауап

Жеке кәсіпкерге жәрдемақы тиесілі ме?

- Мен төрт баланың анасымын. Жеке кәсіпкер болғандықтан, салық жарналарын өзім аударамын. Кейде кіріс болмай қалады, осы айлар бойына салық төлемеймін. Осындай жағдайда 1 жасқа дейінгі сәбиге жәрдемақы қалай есептеледі? Төртінші балаға жәрдемақы мөлшері қандай? Көп балалы ана ретінде маған жәрдемақы тиесілі ме? Мен сәбиімді 18-ші қарашада босандым, ал жәрдемақымды тек 2011 жылдың қаңтарынан ала бастадым. Өтіп кеткен айлар үшін тиесілі ақшаны талап етуге құқылымын ба? 17 ақпан 2011, 00:00 2 568 просмотра
Сұрақ-жауап

Төлем түбіртегі қажет

- Мен Ресей азаматшасымын. Күйеуім – Қазақстан азаматы және тұрғылықты мекен-жайы бар байырғы Атырау тұрғыны. Осы уақытқа дейін біз бес айлық сәбиімізге - ол да Ресей азаматы, Жилгородоктағы уақытша тұрған баспанамыз бойынша емханадан тегін кеңес алып тұрған едік. Барлық екпелерімізді де тегін алып жүрдік. Жақында емхананың учаскелік педиатры келген кезде, осы айдан бастап жоспарлы ай сайынғы тексеруден өтіп тұру үшін маған №2 емханадан кеңес алу туралы төлем түбіртегін көрсетуім қажеттігін, барлық екпелерді енді ақылы түрде салатындығын ескертті. Мұндай өзгерістердің қандай негізде орын алғанын білгім келеді. 17 ақпан 2011, 00:00 2 394 просмотра
Сұрақ-жауап

Көлік рәсімі қашан бітеді?

- Мен автосалоннан көлік сатып алған едім. Құжаттар пакетін 18-ші қаңтарда ІІД жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан бөліміне тапсырдым. Бірақ әлі күнге дейін көлігімді есепке қоя алмай, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір ала алмай жүрмін. Тіркеу-емтихан бөліміндегілердің айтуынша, бұл әлдебір сұранысқа және кеденнен келетін жауапқа байланысты екен. Тағы қанша күту керек? 17 ақпан 2011, 00:00 2 519 просмотра
Сұрақ-жауап

Шәкіртақы оқу үлгеріміне байланысты

- Мен гуманитарлық колледждің студентімін, 9200 теңге шәкіртақы аламын. Танысым агротехникалық колледжде оқиды, ол 12000 теңге шәкіртақы алады. Біздің оқу үлгеріміміз бірдей. Шәкіртақы көлеміндегі айырмашылық неде? 9 ақпан 2011, 00:00 2 809 просмотра
Бейнетаспаны көруіме бола ма? Сұрақ-жауап

Бейнетаспаны көруіме бола ма?

- Баймұханов көшесінде мені жол полициясының қызметкері ұстап алды. Рация арқылы оған жедел басқару орталығынан менің көлігім реттелмейтін жаяулар өткелінен жүргіншіні өткізбеді деп хабарлапты. Мен шынымен осы өткелден өттім, бірақ алдын ала бүкіл жаяу жүргіншілерді өткізген едім. Жол полициясының қызметкері орталыққа рациямен хабарласып, жағдайды түсіндірді. Бірақ ондағылар менің машинам сол жақ жолақта тұрып орнымнан қозғалған кезде, жолдың оң жағынан жаяу жүргіншілер қозғала бастаған деді. Мен жедел басқару орталығының қосынына барғым келген, алайда қызметкер қазір жүргізушілерге бейнежазба көрсетілмейтіндігін, әуелі ол хаттаманы рәсімдеуі қажеттігін, содан кейін онымен дауласа алатынымды айтты. Осыған байланысты менде бірнеше сұрақтар туындады: менің ереже бұзған-мыс бейнежазбамды көруге құқығым жоқ екені рас па? 9 ақпан 2011, 00:00 2 780 просмотра
Сұрақ-жауап

Төлқұжат тіркелген орында рәсімделеді

- Мен КСРО кезінде берілген төлқұжатымды 1992 жылы жоғалтып алдым. Өзім 1958 жылғымын. Бұрын Астана, Ақтөбе қалаларында да тұрдым. Өзім Миялыданмын. Қазір қалада тұрамын. Бүгінгі күні өзім құжатсыз жүрмін. Жеке куәлігім де, төлқұжатым да жоқ. Зейнетақы алатын кез де жақындап қалды. Немерелерімді бағып үйде отырмын. 1992 жылдан бері еш жерде жұмыс істегенім жоқ. Енді құжаттарды қайта жасақтау үшін әділет департаментіне барсам, ондағылар №1 санды арызды (форма №1) міндетті түрде Миялыдан алдыртуыңыз қажет деп отыр. Мұны қаладан алуға болмас па екен? Ауылға баруға қиынға соғып тұр. Осының бір шешімі бола ма? 9 ақпан 2011, 00:00 2 248 просмотра
Сұрақ-жауап

Құжатыңызды көрсетіңіз!

- Біз Қызыл Балық поселкесінде тұрамыз. Жақында бізге халық санағын жүргіземіз деп бір-екі рет адамдар келді. Отбасы құрамы және кімнің қайда жұмыс жасайтындығы туралы сұрады. Содан соң біздің жеке бас куәлігіміздің, СТН-нің көшірмелерін алып, кетіп қалды. Олар өз тараптарынан ешқандай құжаттар көрсеткен жоқ. Қандай халық санағы екендігін және біздің құжаттарымыздың көшірмелерін алуға құқықтары бар ма, соны білгіміз келеді? 9 ақпан 2011, 00:00 2 504 просмотра
Сұрақ-жауап

Бастапқы техникалық тексеру бәріне міндетті

- Жақында біздің жүргізушімізге мемлекеттік мекеме сатып алған жаңа көліктің техникалық тексеруден өтпегені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Алайда менің білуімше, жаңа машиналарға техникалық тексеру тек 3 жылдан кейін ғана жүргізіледі ғой. Осы дұрыс па? 9 ақпан 2011, 00:00 2 507 просмотра
Сұрақ-жауап

Аты жоқ көше

- Біздің көшеміздің атауы жоқ. Бәлкім, сондықтан да оны қалалық әкімдікте жыл сайын жол жөндеу жоспарын жасағанда ескермейтін шығар. Біз де асфальті бар жақсы жағдайда өмір сүргіміз келеді. Көшемізді қашан асфальттайды? 9 ақпан 2011, 00:00 2 485 просмотра
Қарияларға көмектескім келеді Сұрақ-жауап

Қарияларға көмектескім келеді

- Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жалғызбасты қарияларға көмектесетін патронатты бикелер бар ма? Қалалық бөлімге олар қажет пе екен? Менің жалғызбасты қарияларға азық-түліктерін сатып әперіп, шаруашылықтарына көмектесуге бос уақытым бар. Патронатты бикелерге қандай талаптар қойылады, еңбекақы төлене ме және т.б.? 9 ақпан 2011, 00:00 3 003 просмотра
Сұрақ-жауап

Қолайлы уақыт шетелдіктер еншісінде

- Мен  Мұз сарайының жұмыс кестесіне шағымданғым келеді. Сенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін шетелдік компания өз қызметкерлері үшін оны жалға алған. Осының салдарынан біз баламызбен барғанда кіре алмаймыз. Күндізгі сағат екіні ата-аналардың балаларымен демалатын ең қолайлы уақыт деп есептеймін. Өйткені кейінірек уақытта жасөсіпірімдер мен ересектер келеді. Әрине, демалыс күні сағат 2-де келуге болады, бірақ бұл отбасының үйде болып, жұмыс аптасына дайындалғысы келетін жалғыз ғана демалыс күні. Мұз сарайының басшылығы неліктен бұл туралы ойланбайды? 9 ақпан 2011, 00:00 2 556 просмотра
Сұрақ-жауап

Жазылмаған ереже

- Мен Атырау стационарларында (ақылы және тегін негізде) әлденеше рет емделдім. Қай жерде де пациенттің қолына анализдер туралы мәліметтер мен рентген және УЗИ суреттерінің сипаттамасы берілген көшірмені ғана береді.  Ал суреттерді дұрыс «оқи алу» керек қой. Мәселен, қызым қолын сындырып алғанда, қалалық емхананың дәрігері рентген суретінен сызат байқамады. Ал... 9 ақпан 2011, 00:00 2 666 просмотра
Сұрақ-жауап

Ауыл үшін Интернет арзандады

- 2011 жылдың 1-ші ақпанынан бастап Интернет желісіне ұжымдық қол жеткізу қызметіне тарифтің төмендегендігі туралы естідім. Бірақ ұжымдық қол жеткізу қызметі дегеннің мағынасын түсінбедім. Бұл заңды тұлғаны білдіре ме? 9 ақпан 2011, 00:00 2 293 просмотра
Сұрақ-жауап

…ал «Медицина» АҚ-ның құқығы жоқ

- Жүкті кезінде зайыбым «Медицина» АҚ емханасының мамандарының үнемі бақылауында болды. Бірақ денсаулығына байланысты күн алу керек болған кезде, «Медицина» АҚ дәрігері қалалық емханадан бюллетень ашуға кеңес берді. Өйткені олардың емханаларының жарамсыздық бетшелерін беруге, жүкті әйелдерді есепке алуға және оларға декреттік демалыс ашуға құқылары жоқ екен. Жарамсыздық бетшесін ашуға құқылы және мұндай құқыққа ие емес медицина мекемелерінің арасындағы айырмашылық қандай? 9 ақпан 2011, 00:00 2 369 просмотра
Сұрақ-жауап

«Интертич» анықтама беруге құқылы...

- Біздің компаниямыздың барлық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне «Интертич» сақтандыру компаниясы қызмет көрсетеді. Алайда менің балам оқитын мектепте «Интертич» беретін анықтаманың қабылданбайтындығын бірден ескертті. Алайда басқа мекемеде жұмыс жасайтын зайыбымның жұмысында анықтама еш қиындықсыз қабылданады. «Интертич» өздерімен ұжымдық келісім-шарт жасаған қызметкерлердің отбасы мүшелерінің денсаулықтары туралы анықтама беруге құқылы ма? 9 ақпан 2011, 00:00 2 583 просмотра
Сұрақ-жауап

Тасымалданатын анализдер

- Мен Атыраудағы жеке зертханалардың біріне анализдер тапсырдым, оның ішінде гормондық талдау да бар. Қан талдауын жасау мерзімін сұрағанымда, маған Атырауда өз базалары жоқ екендігін, олардың барлық материалдарды Алматыға ұшақпен жіберетіндігін түсіндірді. Мәселен, мен сейсенбі күні таңертең қан тапсырдым. Ол Алматыға кешкі сағат 9-да жетеді, басқа күндері ұшу кестесіне байланысты одан кештеу жеткізіледі. Қанды талдауға тек келесі күні таңертең ғана кіріседі. Менде мынадай бір сұрақ бар – егер қанды келесі күні ғана талдайтын болса, талдау қаншалықты ақпарат береді? Қанды тасымалдау шарттарын кімдер тексереді? 9 ақпан 2011, 00:00 2 550 просмотра
Сұрақ-жауап

Әр нәрсенің өз сертификаты болады

- Көптеген супермаркеттерде өздерінің наубайханаларын  ашып алған, алайда, оларда сертификаттар жоқ. Санитарлық эпидемиологиялық станса және сертификаттау орталығы неліктен олардан сертификаттарын талап етпейді? Біз тіпті, өзіміздің неден уланғанымызды білмейтін боламыз ғой?! 2 ақпан 2011, 00:00 2 119 просмотра
Сұрақ-жауап

Артық анықтаманың керегі жоқ

- Мен қалалық ЖШС-тердің бірінде бір жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Бүгінгі күні декреттік демалысымды рәсімдеп жатырмын.  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында менен еңбекақым жөніндегі анықтама  мен бұрын жұмыс істеген ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттарын әкелуімді сұрады. Еңбекақы туралы анықтаманың қажет екендігін білемін, бірақ ЖК құжаттарының қажеттілігі қанша? Кез-келген кәсіпкер нотариусқа барып, ол үшін ақша төлеп жатпайды ғой?! 2 ақпан 2011, 00:00 2 187 просмотра
Сұрақ-жауап

Артық анықтаманың керегі жоқ

- Мен қалалық ЖШС-тердің бірінде бір жылдан бері есепші болып жұмыс істеймін. Бүгінгі күні декреттік демалысымды рәсімдеп жатырмын.  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында менен еңбекақым жөніндегі анықтама  мен бұрын жұмыс істеген ЖК-дің нотариалды куәландырылған құжаттарын әкелуімді сұрады. Еңбекақы туралы анықтаманың қажет екендігін білемін, бірақ ЖК құжаттарының қажеттілігі қанша? Кез-келген кәсіпкер нотариусқа барып, ол үшін ақша төлеп жатпайды ғой?! 2 ақпан 2011, 00:00 2 263 просмотра