Атырау, 26 сәуір 19:14
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Көлік рәсімі қашан бітеді?

2 517 просмотра

- Мен автосалоннан көлік сатып алған едім. Құжаттар пакетін 18-ші қаңтарда ІІД жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан бөліміне тапсырдым. Бірақ әлі күнге дейін көлігімді есепке қоя алмай, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір ала алмай жүрмін. Тіркеу-емтихан бөліміндегілердің айтуынша, бұл әлдебір сұранысқа және кеденнен келетін жауапқа байланысты екен. Тағы қанша күту керек?

Альберт Д.

ІІД жол полициясы басқармасының тіркеу емтихан бөлімінің бастығы Мұхтар АЗИМОВТЫҢ қолы қойылған жауапта айтылғандай, импорттық машиналарды контрабандалық жолмен әкелуге жол бермес үшін оларды тіркеу кезінде ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің дерекқоры арқылы оның дұрыс жолмен әкелінгенін міндетті түрде тексеру енгізілген. Осыған қатысты ІІМ-нің 2009 жылғы 18-ші наурыздағы сәйкесті бұйрығы бар. Тіркеу-емтихан бөліміндегі рәсімдеудің кешеуілдеуі дерекқордан әзірге мәліметтердің түспегендігіне байланысты болып отыр.

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.