Атырау, 23 қазан 15:40
 дождьВ Атырау +14.9
$ 447.94
€ 502.32
₽ 5.52

Есіл өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі: Әкімдік түсініктеме берді

55 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Астанада тұрғындар Есіл өзеніндегі су деңгейінің күрт төмендегеніне назар аударды.

23 қазанда әлеуметтік желілерде Кенесары көшесі маңындағы өзеннің суы тартылған бөлігі түсірілген фото мен бейнежазбалар жарияланды.

Жарияланым авторлары судың бір түннің ішінде айтарлықтай тартылып қалғанын жазған. Қала тұрғындарының айтуынша, суы қайтқан өзен түбінен жағымсыз иіс шыға бастаған, ал бұған дейін осы аумақта мекендеген үйректер көзге сирек түседі.

Жағдайға Астана әкімдігі түсініктеме берді.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, су деңгейінің төмендеуі жоспарлы құрылыс жұмыстарына байланысты болған.

Құрылыс басқармасы Есіл өзенінде бесінші кезектегі су реттейтін бөгетті салу жұмыстарын жүргізген.

«Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды, су деңгейі көтеріле бастайды», — деп хабарлады әкімдік.

Осылайша, өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі уақытша сипатқа ие және гидротехникалық нысандағы жұмыстар кезінде су деңгейін реттеуге байланысты болған.

Бүгін, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.