Атырау, 23 қазан 16:05
 дождьВ Атырау +14.9
$ 447.94
€ 502.32
₽ 5.52

18 млрд теңгеге бағаланған «Зенит» кеме жасау зауытына сатып алушы табылмады

59 рет қаралды

Батыс Қазақстан өңірі үшін стратегиялық маңызы бар «Зенит» Орал  зауыты» АҚ акцияларының 100 пайызын сатуға арналған электронды сауда-саттық өтпей қалды. Бастапқы бағасы 18 миллиард теңгені құраған кешенді сатып алуға бірде-бір қатысушыдан өтінім түспеген.

Сонымен қатар зауытты түріктің YDA Group холдингіне беру туралы екі жылға созылған келіссөздер де нәтижесіз аяқталды. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы тараптардың мәміленің негізгі шарттары бойынша келісімге келе алмағанын мәлімдеді. Келіссөздің төркіні мен шарттары коммерциялық құпия болып саналады.

Осыған қарамастан, мемлекеттік компания қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнын қайтадан электронды аукционға шығаруды жоспарлап отыр. Бастапқы құнын тағы да тәуелсіз бағалаушы белгілейді, ал сауда-саттық бағаны көтеру әдісімен өтеді.

Зауытты жеке немесе шетелдік инвесторларға сату кезінде мынадай қатаң талаптар сақталады:

  • Өндіріс бағыты: Кәсіпорынның негізгі қызмет профилін мерзімсіз сақтау және мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын үздіксіз орындау;

  • Жұмыс орындары: Штаттағы қызметкерлердің кемінде үштен екісі (2/3) Қазақстан азаматы болуы тиіс;

  • Борыштарды өтеу: Кредиторлық берешектерді, сондай-ақ жалақы мен салық қарыздарын толық өтеу;

  • Сатуға шектеу: Сатып алынған нысанды бір жыл ішінде қайта сатуға тыйым салынады.

Бұдан бөлек, мемлекет мүддесін қорғау үшін зауыт жарғысына «алтын акция» механизмі енгізілген. Бұл акция «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының иелігінде қалады және ол кәсіпорын сатылғаннан кейін де басқаруға қатысты маңызды шешімдер қабылдауда вето қою құқығын береді.

Айта кетейік, Орал «Зенит» зауыты — Батыс Қазақстан облысындағы кеме жасауға және мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындауға маманданған басты өндіріс орындарының бірі.

Бүгін, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.