Атырау, 26 желтоқсан 15:32
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тасымалданатын анализдер

2 640 просмотра

- Мен Атыраудағы жеке зертханалардың біріне анализдер тапсырдым, оның ішінде гормондық талдау да бар. Қан талдауын жасау мерзімін сұрағанымда, маған Атырауда өз базалары жоқ екендігін, олардың барлық материалдарды Алматыға ұшақпен жіберетіндігін түсіндірді. Мәселен, мен сейсенбі күні таңертең қан тапсырдым. Ол Алматыға кешкі сағат 9-да жетеді, басқа күндері ұшу кестесіне байланысты одан кештеу жеткізіледі. Қанды талдауға тек келесі күні таңертең ғана кіріседі. Менде мынадай бір сұрақ бар – егер қанды келесі күні ғана талдайтын болса, талдау қаншалықты ақпарат береді? Қанды тасымалдау шарттарын кімдер тексереді?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ ақпараты бойынша, материалдарды (қанды және т.б.) жіберген жағдайда тасымалдаудың белгілі бір қатаң шарттары сақталады:

- белгілі бір температурадағы «суық тізбекпен» сақтау принципі;

- арнайы термоконтейнерлерде сақтау.

Емдеу-профилактикалық мекемелерде материалдарды тасымалдау үшін жауап беретін тұлға болады. Сондықтан тасымалдаудың барлық шарттары сақталған кезде анализдер нақты әрі мол ақпарат береді.

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.