Атырау, 26 желтоқсан 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Бәрі бұрынғыша қалды

– Мен Өзбекстан азаматымын. Осында келген кезімде көші-қон полициясына тіркелген едім. Бір айдан соң тіркеу мерзімін тағы 30 күнге ұзартып алдым. Ал жақында маған тіркеу мерзімін тек 10 күнге ғана берді. Неліктен? Заңнамаға өзгерістер енген бе? 20 сәуір 2011, 19:51 2 230 просмотра
Пайдалану мерзімі бес жыл Сұрақ-жауап

Пайдалану мерзімі бес жыл

– Келесі аптада үйіме су есептегіш құралын орнатпақпын. Сумен қамту төлемақысы қандай болмақ? Өйткені жарты ай бойына есептегішім болған жоқ қой. Екіншіден, көршілер 2010 жылдан кейін шығарылған есептегішті сатып алу керек дейді. Осы рас па? 20 сәуір 2011, 19:56 2 608 просмотра
Сұрақ-жауап

Құмырсқадан құтылу қиын

– Мен жаңа үй салдым. Қыстап шықтық, бәрі де жақсы секілді, алайда, үйдегі ұсақ құмырсқалардан құтыла алатын емеспіз. Достарымнан да, көршілерден де сұрасам оларда да осындай проблема орын алып отырған көрінеді. Олардың қайдан шығатынын және құмырсқалардан қалай құтылуға болатынын айтсаңыздар екен? 20 сәуір 2011, 20:05 11 041 просмотра
Сұрақ-жауап

Жазбаша өтініш жазыңыз

– Мен кеніште химиялық талдау лаборанты боп жұмыс істеймін. Жеке еңбек келісім-шартында зиянды өндірісте жұмыс жасайтындығым көрсетілмеген. Бірақ бензин, мұнай және басқа да зиянды химиялық қоспалармен жұмыс істеуіме тура келеді. Лаборанттың  жұмысы зиянды деп есептеле ме? Осыған қатысты қайда хабарласқаным жөн? Менің жұмыс берушім жұмыстың зиянды еместігін, жұмыс орнындағы өлшегіш құрылғылардың рұқсат етілген мөлшерді көрсетіп отырғандығын растап отыр. Алайда басқа кеніштерде лаборант боп жұмыс істеген кезімде жеке еңбек келісім-шартында жұмыстың зиянды екендігі көрсетіліп, бізге үстеме ақы төлейтін. Жұмыс орнындағы зияндылық мөлшерін анықтау қаншалықты жиі жүргізіліп тұруы тиіс? 20 сәуір 2011, 19:54 2 493 просмотра
Сұрақ-жауап

Ақшаңызды кассадан ұзамай тұрып тексеріңіз!

Осынау кеңестік дәуірдегі ұран сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ. Өйтпеген жағдайда азаматтар келеңсіз жағдайға, мәселен, біздің кездейсоқ жалған ақшаның иесіне айналған оқырманымыздың күйін құшуға тура келеді.  Дүкенде оны кері қабылдамаған, құқық қорғау органдары өтінішін алмаған, базардан әлдебір нәрселерді сатып алып, жалған ақшадан құтылуға ар-ұяты жібермеген, ал, әмиянда жалған ақшаны сақтағысы келмеген. 13 сәуір 2011, 21:34 2 695 просмотра
Сұрақ-жауап

Қос тілдің құқы тең

– Жақында қаладағы мекемелердің бірінде менен басшының атына орыс тілінде жазылған хатты қабылдаудан бас тартты. Хатшы қыз өтінішті тек мемлекеттік тілде ғана қабылдау жөнінде мекемеішілік бұйрық бар екендігін желеу етті. Мен түсіндіруді талап еткен соң ғана хатымды қабылдады. Содан соң мұны жергілікті деңгейдегі бастықтардың жеке бастамасы деген тұжырымға келдім. Егер қолданыстағы заңға  қандай да бір түзетулер енгізілген болса, халық бұл туралы хабардар болып, хатты бірден талапқа сәйкес жазған болар еді. Бәлкім, менің білмейтінімдерім бар шығар? 13 сәуір 2011, 21:19 2 535 просмотра
Сұрақ-жауап

Екі жәрдемақы алуға болмайды

– 1998 жылы мен ІІІ топ мүгедектігін алдым, қазір мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. Қазіргі уақытта жұмыста жоқпын. 58 жасқа толған бойда №2 тізімдегі 12-ші бөлімде қарастырылған көп жылдар бойына ауыр жағдайда жұмыс жасағандығым туралы анықтаманы рәсімдеген едім. Бұл маған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорынан төлемақы алуға мүмкіндік береді. Маған енді қай жәрдемақы тиесілі – екеуі де ме, әлде тек біреуі ме? 13 сәуір 2011, 20:46 2 172 просмотра
Сұрақ-жауап

Бүкіл төлемдер бюджетке түседі

– Кәсіпкер ретінде брокерлердің қызметін пайдаланып, кедендік төлемдер мен салықтардың әжептәуір сомасын төлеймін. Кедендік рәсімдеу кезінде төлейтін ақшалай қаржының қандай көлемі тікелей бюджетке түсетінін білгім келеді? 13 сәуір 2011, 20:53 2 279 просмотра
Сұрақ-жауап

Уәде қоршаумен ғана шектелді

– Біз ПИК-не біздің үйдің алдынан балалар алаңын жасау жөнінде өтініш жасаған едік. Ақпан айында ТКШ бөлімінің бастығы қалада барлық жерде балалар алаңы жасалатын болады деп хабарлаған болатын. Біздің аулада автотұрақ орнатып қойған, балалардың ойнайтын жері жоқ. 13 сәуір 2011, 21:10 2 368 просмотра
Сұрақ-жауап

«Құрдастардың» маңы қоқыстан көрінбейді

– Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің маңындағы «Құрдастар» кафесінің жанында қоршалған бос жер бар. Жақын маңдағы үй тұрғындары мен бір таңқаларлығы, Арнаулы автобаза қызметкерлері сол жерге қоқыстарды жиі тастайды. Ол жерде шіріп жатқан қоқыстар бірнеше самосвал боп жиналып қалған. Қазір қалада санитарлық тазарту жөніндегі екі айлық жарияланды. Үйілген қоқыстарды жинауға болмай ма?    13 сәуір 2011, 20:51 2 504 просмотра
Сұрақ-жауап

Жұмыскер-2 - жеке поселке

– Біз Жұмыскер-2 (Өркен) ықшамауданында тұрамыз. Таяуда қалалық емханалардың біріндегі окулистке келіп едім, мені Балықшыдағы емханаға жіберді. Айтыңызшы, біздің ықшамаудан қалаға жата ма, әлде Балықшыға ма? 13 сәуір 2011, 20:49 3 056 просмотра
Сұрақ-жауап

Телеарнаға бақылау жасалады

– Бұрын «31» телеарнада «жүгіртпелі жолға» қатысты проблема болатын. Оны кадрдың дәл ортасына дерлік жіберетін. Енді жарнама мәтінін субтитрды жауып тұратын фонға қоятын болыпты. Кейде сүйікті сериалыңның нағыз қызық жеріне келгенде жарнама мәтіні шыға келеді... 13 сәуір 2011, 21:13 2 079 просмотра
Сұрақ-жауап

Жоспарда жоқ көше

- Мен Вагонная көшесінде тұрамын. Ол Типографская мен Темірханов көшелерінің арасында орналасқан. Бізді алаңдататын нәрсе мынау – таяу уақытта асфальт салына ма? Мен қалалық әкімдікке былтыр және биыл - екі рет хат жазған едім, бірақ жауабы келмеді. Көршілес көшелердің барлығы асфальтталған. 500 метр болатын біздің көшеміз бен кішкене ғана өткел қалған. Біздің көшеміз жол жұмыстарының жоспарына енгізіле ме және қашан? 13 сәуір 2011, 20:41 2 336 просмотра
Сұрақ-жауап

Тұрғын үй жәрдемақысы кестемен беріледі

– Отбасымыз тұрғын үй жәрдемақысын алады, алайда оны бізге тоқсан сайын бір рет төлеп тұрады. Ал коммуналдық есеп-шоттар ай сайын келеді. Уақытында төлемегендіктен «Атырау-Жарықпен» проблемалар боп жүрді. Энергетиктер токты ажыратпас бұрын неге тұрғын үй жәрдемақысын алу кестесін ескермейді? 13 сәуір 2011, 20:47 2 401 просмотра
Сұрақ-жауап

Суару үшін су тарифі бөлек

- Жеке сектордың тұрғындарына қалалық суару құбырына қосылуына бола ма?  Жалпы өз көшеттерімізді су құбырының суымен суаруға дайынбыз. Алайда бұл үшін төлемнің жоғарғы тарифпен алынбайтындығына көз жеткізгіміз келеді. 6 сәуір 2011, 20:29 2 344 просмотра
Сұрақ-жауап

Сотқа жүгінген жөн

- Менің ағам нотариус арқылы азаматтық некеде 25 жыл бірге тұрған әйеліне пәтерін сыйға беру құжатын рәсімдеді. Кешікпей әйелі қайтыс болды. Жерлеу рәсіміне көп жылдан бері араласпаған ұлы келіп, сыйға қалдырылған үй туралы білген соң тездетіп мұралық істі рәсімдеді. Кетіп бара жатып, ол жарты жылдан кейін өз пәтеріне қайта оралатынын ескертті. Зейнеткерлік жастағы ағамның далада қалатынын сезіп жүрмін. Сыйға тартудың күшін жоюға бола ма?  6 сәуір 2011, 19:51 2 670 просмотра