– Қарақұмыққа не болған: біресе оны супермаркеттерден итпен іздеп таба алмайсың, біресе оның бағасы шарықтап тұрады. Қазір тіптен жоғалып кеткен...
Мариям
Тасымалдаушының айтуынша, қарақұмық жармасы да өткен жаздағы қуаңшылықтың құрбанына айналған. Қарақұмықтың шықпай қалуы оның қорының күрт азайып, тапшы болуына, нарықта бағаның әжептәуір көтерілуіне әкелген еді. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде қарақұмық көпшілік үшін қолжетімді өнімнен жеңсік тағам санатына айналды. Бүгінде оның келісі 752-ден 856 теңгеге дейінгі аралықта. Ірі супермаркет желілерінің тасымал жөніндегі менеджерлері бағаны шаруашылық қожайындарының қойып отырғанын айтады. Енді жармалар жаңа өнім шыққанша болмайды екен.
–Өлшенетін қарақұмық жоққа жақын, ал кейбіреулер ұсынатын қарақұмық қытайлық секілді... Мен онымен байланыс орнатуға тәуекел етпес едім. Ресейлік және қазақстандық өндірушілердің орамадағы жармаларын ғана алдырамыз. Аздаған іркілістер де болды, бірақ қазір біздің сөрелерде брендтер және түрлері азайса да жарма бар. Бағасы, әрине, өсті. Бастапқыда елеусіздеу көтерілген еді, бір жыл бұрын 140 теңге шамасында болатын. Содан кейін 160, 170, 180 теңге болды, ал қазан-қараша айларынан бастап күрт қымбаттап, тек сатып алу бағасының өзі 300-400 теңгеге дейін өсті... – деп түсінік берді менеджерлердің бірі.
…Сөйтіп оған қосылған дүкеннің үстеме бағасы мен қарақұмықтың шарықтау құпиясы ашылды.
Жаңа өнім шыққанша ұнтақ жармасына (манная) көшетін уақыт келген секілді, ол әрі арзан, әрі маржан.