Атырау, 26 желтоқсан 11:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Ақша бөлсе, әткеншек жасау қиын емес

– Біздің Тайманов көшесі, 58 үйдің ауласына балалар алаңын  - ойын төбешіктері мен орындықтарды және құм алаңын орнатты. Басқа аулаларда әткеншектер мен турниктер  бар. Балалар алаңын жасақтау жиынтықтары неліктен түрліше? Әлде мердігерлері әр түрлі ме? 7 желтоқсан 2011, 21:03 2 581 просмотра
Сұрақ-жауап

Тетігі көп телефон

Атыраулық «Алтел» компаниясы кеңсесінің клиенттерге қарым-қатынас жасау тұрғысындағы қызметіне өз наразылығымды білдіргім келеді. Жақында сол жерден HTC EVO 4G маркалы телефонды нөмірімен бірге сатып алған едім. Алайда сатып алған затымды бірден ала алмадым. Өйткені қоймашы орнында болмай шығып, ол тек сағат 15-терге таман ғана жұмысқа келді. 4 мамыр 2011, 21:25 2 671 просмотра
Сұрақ-жауап

Іссапар шығындары қаралмаған

- Менің бір танысым теміржол саласында машинистің көмекшісі болып жұмыс істейді. Ол қазір 2 баласына алимент төлейді. Білейін дегенім, жалақыдан бөлек, командировкаға кеткенде төленетін ақшадан алиментке ұсталуы заңға қайшы емес пе? 4 мамыр 2011, 16:10 2 956 просмотра
Сұрақ-жауап

Есептен шығаруға болады

– 1991 жылы біз мотоциклді бас сенімхат бойынша сатқан болатынбыз, ал, жақында бізге салық комитетінен қуаттылық бойынша салынатын салықтан сол уақыттан бері бережақтарымыздың бар екендігі туралы хат келді. Кейін мен сатып алушының Дамбы поселкесінде тұрғандығын анықтадым, алайда, ол адамның 2007 жылы суға кетіп, қайтыс болғандығы белгілі болды. Мотоциклдің құжаттары, мотоциклдің өзінің қайда екендігін бізге хабарлаған жоқ. Қолымызға тек ол адамның өлгендігі туралы анықтаманы берді. Дегенмен, біздер салықты төледік. Енді әрі қарай не болмақ? Біз енді  бұдан былай да бөтен біреудің атындағы мотоцикл үшін төлей береміз бе? 4 мамыр 2011, 19:30 2 351 просмотра
Сұрақ-жауап

Ешқандай ақша берілмейді

- Мен бір мекемеде 3 ай жүктілік мерзімімде биылғы ақпан айында өз еркіммен жұмыстан шығып кетіп едім. Онда небары 6 ай ғана жұмыс істедім. Содан бері екі ай өтті. Төлем орталығына 3 ай бойы ғана зейнетақы есепшотыма ақша түсіп тұрды. Декреттік демалысым мамыр айында бітеді. Маған бұл жағдайда декреттік жәрдемақы қалай төленеді? Ол үшін қандай құжаттарды және оларды қайда тапсыруым қажет? 4 мамыр 2011, 16:11 2 193 просмотра
Сұрақ-жауап

Кешірім сұраған жөн

- Жол полициясының инспекторлары жүргізушіден алкоголь иісін анықтау үшін кейде кішкене қағаз ораманы қолданады. Осы заңды ма? Арақ ішпейтін мені екі рет тоқтатып, наркологиялық диспансерге алып барды. Онда өткен тексеру нәтижесі алкогольдің жоқ екендігін анықтады. Олар маған келтірген қолайсыздықтары үшін ешқандай да кешірім сұраған жоқ. 4 мамыр 2011, 21:21 2 338 просмотра
Сұрақ-жауап

Сараптамаға ақы төленбейді

– Дәрігерлердің әрекетіне қайда шағымдана аламын? Екі апта бойына туысқанымды емханада өт қабы қабынған деп емдеді. Содан кейін ол ауруханаға түсіп қалды. Ол жерде жарық ауруы деген диагнозбен шұғыл арада операция жасап, оны алып тастады. Операциядан кейінгі екі күннен соң іс жүзінде оның соқырішегі жарылып, іріңдей бастағаны анықталды. Әйелге қайтадан операция жасады. Содан кейін іріңнің жартысы ағзада қалып қойып, басқа проблемалар басталған. Тік ішектің бір бөлігін алып тастауға тура келген. Қазіргі кезде туысқаным жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін қауіптеніп отыр. Қайда шағымдансам болады? Мұнымен жеке сарапшылар айналысады деп естіген едім. 4 мамыр 2011, 21:05 2 260 просмотра
Сұрақ-жауап

Бөгделерге жол жабық

– Таяуда саға арқылы өзенге түспес үшін Каспий теңізі жақтан Шыман өзек деп аталатын балық жүретін канал арқылы қайықпен жүзіп өткенбіз. Каналдың өзенге құятын жері қолдан жасалған шлагбауммен қалқаланыпты. Жағалаудағы маңдайшаға қарағанда, мұны «Ақ жайық» қорығының қызметкерлері жасаған. Бұл қаншалықты заңды? 4 мамыр 2011, 21:10 1 928 просмотра
Сұрақ-жауап

Квотаны комиссия қарайды

– Ұлымның көзі ауыр сырқатқа шалдыққан. Соның салдарынан Ресейге әлденеше рет бардық. Ол жерден Қазақстанның кейбір балалары квота бойынша емделуге келетінін білдім. Шетелде емделу үшін квота ала алам ба? Оның шарттары қандай? 4 мамыр 2011, 21:08 2 233 просмотра
Сұрақ-жауап

Бұл бала мұраға құқылы

– Менің ата-анам кішкентай кезімде ажырасып кеткен. Әкемді тіпті, ата-аналық құқығынан айырған. Жақында әкем қайтыс болды. Оның артында әке-шешесінен қалған үш бөлмелі пәтері қалды. Сол пәтерге бірден әкемнің қарындастарының бірі көшіп келді, мен де бұл пәтерге қатысты өз құқымның бар екендігін  айтуға тырысқанымда, ол маған әкемнің ата-аналық құқығынан айырлығандығын дәлел ретінде алға тартты. Анам менің олармен байланыспағанымды қалайды, алайда, мен әкемнің бізге еш уақытта көмектеспегендігінен бұл іске барып отырмын.  Әкемнің мұрасынан иеленуге менің құқығым бар ма? 27 сәуір 2011, 20:34 3 060 просмотра
Сұрақ-жауап

Бұйымдарды ҚҚС-тан босатудың өз тәртібі бар

– Маған стоматологиялық кабинет үшін  керекті техника әкелу керек. Мен дәрі-дәрмектің қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылғандығын білемін, ал, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қатысты қалай болмақ? 27 сәуір 2011, 19:47 2 683 просмотра
Сұрақ-жауап

Қамау орнында құмар ойынға жол жоқ

– Түрмеде отырған сотталғандармен кездесу барысында және пошта арқылы сәлемдеме жібергенде қандай заттарды беруге тыйым салынған? Және сотталғандардың өздеріне келушілердің әлдебір тізімін жасауға тиісті екендігі рас па? 27 сәуір 2011, 20:30 2 439 просмотра
Сұрақ-жауап

Зейнетақы қорындағы ақшамды заңсыз аударып алыпты

Жұмыс барысында жарақат алып мүгедек болып қалған баланы дәрігерге көрсету қамымен зейнетақы қорындағы ақшаны алу мүмкіндігін қарастырған едім. Бірақ «Ұлар Үміт» зейнетақы қорындағы баламның зейнеткерлік төлемін Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (ГНПФ) балама ескертусіз және келісім шартсыз құйып алғанын естіп таң қалдым. Мәселе сотқа берілді. Алайда Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Атыраудағы филиалы басшысы бірнеше мәрте қатарынан сотқа келмей жүр. Сот  жауапты адам келмесе шешім қабылдай алмай ма?  20 сәуір 2011, 22:19 2 181 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысыңыз қалай төленбек?

- Менің мамандығым - мұғалім. Мектепте бір жерде 18 жыл қызмет еттім. Қазір декреттік демалыстамын. Былтыр кезекті демалыстан соң, тамыз-қыркүйек айларында жұмыс істеп, қазанның 10-ынан ақпанның 15-іне дейін декретке шықтым. Қолыма баланы босануыма байланысты бір реттік жәрдемақымды алдым. Содан бері қазір үйде бала күтімімен отырмын. Білгім келгені, маған еңбек демалысының ақшасы төлене ме және қандай уақыт мерзіміне байланысты берілуі тиісті? Себебі, есеп бөліміндегілер тек тоғыз күнге ғана есептеп отыр. Одан басқа, мұғалімдерге тиесілі бір жолғы сауықтыру жәрдемақысы деген төлене ме? 20 сәуір 2011, 22:16 3 735 просмотра
Сұрақ-жауап

Білім мен тәжірибе керек

- Менің мамандығым – мейірбике (медсестра). Он жылдық еңбек өтілім бар. 2000 жылдан бері бала тәрбиесімен үйде отырып қалдым. Содан бері 11 жыл өтті. Енді жұмысқа тұрғым келеді. Осындай көп уақыт үзілістен кейін медицина саласында қызметке тұруға мүмкіндігім бар ма? 20 сәуір 2011, 22:01 3 372 просмотра