Атырау, 27 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Іссапар шығындары қаралмаған

2 956 просмотра

- Менің бір танысым теміржол саласында машинистің көмекшісі болып жұмыс істейді. Ол қазір 2 баласына алимент төлейді. Білейін дегенім, жалақыдан бөлек, командировкаға кеткенде төленетін ақшадан алиментке ұсталуы заңға қайшы емес пе?

«Мaximum» адвокаттық кеңсесінің заңгері Венера БЕРДАЛИЕВА:

- Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 125-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталынатын табыстың және (немесе) өзге де кірістің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын табыстың және (немесе) өзге де кірістің түрлерінiң тiзiмiн бекiту туралы» 15.07.2002ж. №776 қаулысымен анықталған тізімде іссапар шығындары қаралмаған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 02.04.2010ж. №261-IV заңының  94-бабына сәйкес, ұстап қалу мөлшерi борышкердiң алуға тиесiлi жалақы (табыс) сомасынан есептелетiні есіңізге салынады.

4 мамыр 2011, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.