Атырау, 22 желтоқсан 11:28
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Квотаны комиссия қарайды

2 231 просмотра

– Ұлымның көзі ауыр сырқатқа шалдыққан. Соның салдарынан Ресейге әлденеше рет бардық. Ол жерден Қазақстанның кейбір балалары квота бойынша емделуге келетінін білдім. Шетелде емделу үшін квота ала алам ба? Оның шарттары қандай?

Облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, алдымен сәби Атыраудағы офтальмологиялық емханадан тексерілуі тиіс. Егер жергілікті дәрігерлер пациентті анағұрлым білікті көмекке зәру деп есептесе, оған Алматыдағы офтальмологиялық емханаға жолдама жазып береді. Емдеу тегін жүргізіледі. Алайда пациенттер жолақыны өздері төлеуі тиіс. Жоғары мамандандырылған көмекке (мәселен, ағзаны ауыстыру) мұқтаж науқастарға ғана емдеу толықтай төленеді. Егер сол сырқатқа Қазақстанда емдеу жүргізілмеген болса, онда пациент республикадан тысқары жерлердегі емдеу мекемелеріне жолдама алуы мүмкін. Пациент шалдыққан ауру квота бөлінетін аурулардың арнайы тізіміне енген болуы тиіс. Бұл міндетті шарт. Құжаттарды бір ай ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы комиссиясы қарайды.

4 мамыр 2011, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.