Сұрақ-жауап Есептен шығаруға құқылы – Қазір анам сіңліме сыйлық құжатын дайындауда. Мені үйден келісімімсіз есептен шығарып тастауға құқылы ма? Менің өз баспанам жоқ, туысқандарымның үйінде тұрып жатырмын. 26 мамыр 2011, 16:08 2 070 просмотра
Сұрақ-жауап Техникалық тексеру талондары келді - Жыл басында техникалық тексеруден өткен едім. Алайда талондардың тапшылығынан белгіні техникалық тексеру актісіне қойды. Наурызда және сәуірдің басында ІІД жол полициясы басқармасына хабаралсқанымда талондардың әлі келмегендігін айтқан еді. Енді бұл талондар келді ме, жоқ па? 26 мамыр 2011, 16:01 1 873 просмотра
Сұрақ-жауап Визаңыз үшін қам жемеңіз - Жұмысыма байланысты шетелге жиі шығуыма тура келеді. Қазір төлқұжатымда бір ғана соғылған жарамды виза бар. Жақын арада тағы үшеуі соғылмақ. Содан кейін құжатта бос парақ қалмайды. Төлқұжаттың жарамдылық мерзімі 2016 жылы ғана бітетіндігін ескерсек, не істегенім жөн? 19 мамыр 2011, 18:18 2 271 просмотра
Сұрақ-жауап Әуре қылған тауар - Жақын арада жанар-жағармай стансаларының бірінен ауа тазартқыш сатып алған едім. Ол жарамсыз боп шықты. Мен тауарды кері қайтарғым келген. Бірақ оны кассир чек соғып қойдым деп қабылдамай, тауарды әлдебір фирма жеткізеді, соған барыңыз дегенді айтты. Қандай ақымақтық десеңізші, қазір тауарлардың жартысы Қытайдан әке-лінеді емес пе?! Сапалық тұрғыда талап қою үшін Қытайға бармайтын шығармын. Ауа тазартқыш қымбат тауар емес. Оны лақтыра салуыма болар еді. Бірақ жанар-жағармай стансаларында азық-түліктерді де сатады ғой. Ал бұл жағдайда сапасыз тауар үшін кім жауап береді? 19 мамыр 2011, 18:23 2 637 просмотра
Сұрақ-жауап Әнтек әрекеттің әлегі - 29-сәуірде коммерциялық кассалардың бірінен теміржол билеттерін сатып алған едім. Сатып алар кезде кассирге Шетпеге 6-мамыр күні таңертең жетіп және сол күні кешкісін кері қайтуымыз керектігін, бізбен бірге егде тартқан үлкен адам бар екендігін әлденеше рет түсіндірдім. Кері қайтарда кассирдің бізге Шетпе - Атырау бағытындағы билеттерді 6-мамыр күні сағат 00.25-те жүретін пойызға, яғни бір тәулік бұрын өтіп кеткен бағытқа жазып бергенін анықтадық. Айқай-шумен әжемізді қасына еріп жүрген адаммен бірге пойызға мінгізіп жібердік. Бірақ оларды Бейнеуде вагоннан түсіріп тастапты. Атырауға дейін олар әрі қарай таксимен жеткен. Жүйкені жұқартқан әбігердің, жол азабының салдарынан әжеміз ауырып қалды. 19 мамыр 2011, 18:29 2 138 просмотра
Сұрақ-жауап Ауладағы бассыздық 9000 теңгеге шықты - Күн сайын көршім өз көлігін мына суреттегідей етіп қояды. Айтыңызшы, көлікті осылай қойғаны үшін заңда қандай шара қарастырылған? 19 мамыр 2011, 18:25 1 966 просмотра
Сұрақ-жауап Ыммен түсіну тіліне екі айда үйренуге болады - Мен Атырауда сурдоаудармашылар жетіспейді деп естідім. Бір аудармашыға он саңырау-мылқау жаннан келеді екен, тіпті оған кезекке жазылатын көрінеді. Сурдоаудармашылардың жалақылары төмен дейді ғой, дегенмен мен оларды қайда оқытатындарын білгім келеді? Зағип жандардың қалай болғанда да жағдайын ойлаған жөн емес пе? 19 мамыр 2011, 18:31 3 547 просмотра
Сұрақ-жауап Көршіңіздің келісімі қажет - Екі үйлік бір қабатты үйде тұрамын. Өз бөлігімнің үстінен екінші қабатты салғым келеді, алайда, көршім өз келісімін бермей отыр. Ондай жағдайда не істеуге болады? 19 мамыр 2011, 18:31 2 826 просмотра
Сұрақ-жауап Жағдайды түсіндірсеңіз, жеріңізді тартып алмайды - Біз Тасқала-4 елдімекенінің тұрғындарымыз. Екі жыл бұрын жердің уақытша мемлекеттік актісін алғанбыз. Алайда, мұнда құр жерден басқа ештеңе жоқ. Коммуникация әлі күнге дейін тартылмаған. Газ, су, жарық желілері жүргізілмеген. Акттің мерзімі 2 жыл. Оның бітуіне де 1 ай қалды. Біз ауылға ештеңе тартылмаған соң, бәрібір үй тұрғызғанымен, онда жылу, жарық, су болмағасын тұра алмаймыз деп, үй құрылысын да бастамап едік. Енді жерді пайдаланбағанымыз үшін бізден оны тартып алмай ма? Қалай болады? Жерді өзімізде қалдыру үшін не істеуіміз керек? 19 мамыр 2011, 18:00 2 141 просмотра
Сұрақ-жауап УЗИ-дің зияны жоқ - Жақында учаскелік бала дәрігері екі айлық сәбидің басын УЗИ-ден түсіру керек деп қағаз жазып берді. Екі айлық баланың басын УЗИ-ге түсіру зиян емес пе? 19 мамыр 2011, 18:03 5 473 просмотра
Сұрақ-жауап Радио қайда кетті? – «Европа плюс Казахстан» радиостансасы қайда кеткен және хабар тарату қашан іске қосылады? 11 мамыр 2011, 18:49 2 444 просмотра
Сұрақ-жауап Бассейнге дәрігер арқылы барыңыз – Баламды «Мұнайшыдағы» бассейнге жазғым келеді. Бірақ ол жердегілер бір айға төленген ақша қайтарылмайды деп ескертті. Ал егер бір аптадан соң баламның хлорлы суға аллергиясы болса немесе ауырып қалса, 8000 теңге желге ұшты деген сөз бе? Бәлкім, бассейн басшылығы қолайсыз ережелер орнатпай, ымыраға келетін шығар? Өйткені бұл кешен біздің ақшамызға және біз үшін салынған емес пе?! 11 мамыр 2011, 18:56 2 777 просмотра
Сұрақ-жауап Міндетті түрде түбіртек сұраңыз – Наурызда қала дүкендерінің бірінен 13 000 теңгеге туфли сатып алған едім. Маған чек берген жоқ. Туфлиді тек сәуірде ғана кидім, өйткені оған дейін күн салқын болған еді. Бір апта өтпей туфлиім жыртыла бастады. Мен оны дүкенге апарып едім, ондағылар қабылдамады. Тіпті дүкен қожайынының есімін атағылары да келмеді. Талабымды кімге қоярымды білмей жүрмін... 11 мамыр 2011, 18:53 5 548 просмотра
Сұрақ-жауап ЖИН-нің болуы міндетті емес – 2003 жылы туған ұлымның туу туралы куәлігінде ЖИН көрсетілмеген. 21 мамырда біз Алматыға ұшақпен бармақшы едік, баламның ЖИН болмауы ішкі рейстерге билет алу барысында кедергі болмай ма? 11 мамыр 2011, 19:09 2 385 просмотра
Сұрақ-жауап Суды қайдан аламыз? – Жеке үйлердің аулаларындағы жас көшеттерді суаратын су жоқ. Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің астына салынған жаңа суару құбырына қалай қосылуға болады? 11 мамыр 2011, 20:48 5 033 просмотра
Сұрақ-жауап Орысша білмегенім үшін опынып келемін – Мен мемлекеттік қызметкермін, мемлекеттік тілді еркін меңгергенмін. Ал, орысшам аса тәуір емес. Менің тікелей бастығым, керісінше, қазақ тілін білмейді. Сонысынан болар, ол барлық құжаттарды орыс тілінде жүргізуге және келген хаттарға, мейлі ол қазақ тілінде болсын орысша жауап беруге бұйырады. Соның нәтижесінде мен қызмет бабында жоғары лауазымдарға көтеріле алмай отырмын. Мәселен, мен істің барысын жақсы түсінемін, барлық қажетті деген құжаттармен таныспын, барлық туындаған сұрақтарға жауап та, түсінік те бере аламын, алайда, бастығым мені түсінбейді, әрине, түсінбегендіктен тыңдамайды да. Алға орыс тілін білетіндер шығады. Мен құжаттарды орыс тілінде жүргізуге міндеттімін бе? 11 мамыр 2011, 19:05 3 133 просмотра
Сұрақ-жауап Денсаулыққа келтірілген зиянды кім өтейді? – Жұмыс орнында зақым алған ұлым ІІ топ мүгедегі боп қалды. Еңбек шартына сәйкес, ол «Еуразия» компаниясында сақтандырылған екен. Алайда сақтандыру компаниясы тиісті төлемдерін төлеуден бас тартып отыр. Олар 3 күн ішінде жұмыс орнында зақым алғандығы туралы хабардар етпегендігін себеп қылуда. Бірақ мен ұлымның қандай компанияға сақтандырылғанын білмейтін де едім. Өз қызметкерінің жағдайы туралы сақтандыру компаниясына жұмыс беруші де хабардар етпеген. Енді ұлымның емделу ақысын кім төлейді? 11 мамыр 2011, 20:39 3 237 просмотра
Сұрақ-жауап Жол жоспар бойынша жөнделеді – Биылғы жылы Мирас (бұрынғы Геолог-2) ықшам ауданында №1, 4, 8, 11 көшелер мен Қ.Жұмалиев көшесі асфальтталатын болады. Ал сол маңдағы №9 көше есепке алынбаған. Неліктен? 11 мамыр 2011, 20:46 2 481 просмотра
Сұрақ-жауап ЖИН алуға асығыңыз - Менің сұрайын дегенім, жеке идентификациялық нөмір (ЖИН) 2008 жылы және 2010 жылы туылған балаларымның туу туралы куәлігіне қажет пе? Ал өзімнің жеке куәлігімнің берілген күні: 27.12.2004 жыл. ЖИН менде де жоқ. Қалай болады? 8 желтоқсан 2011, 18:50 2 467 просмотра
Сұрақ-жауап Пәтер кезегін қалай білеміз? - Мен жақында Сәтбаев көшесі, 20-үйде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына барып, пәтер кезегіне тұрдым. Енді пәтер кезегін білу үшін ондағы мамандар маған алты айдан кейін ғана келесіз дейді. Бұрын пәтер кезегін ай сайын біле алатын еді ғой? Кезегіміздің әділ жылжып отырғанына қалай көз жеткіземіз? Қолымызға берген пәтер кезегінің нөмірі жазылған түбіртекте мөр де басылмаған. Ол дұрыс па? 8 желтоқсан 2011, 18:51 8 825 просмотра
Сұрақ-жауап Газге уланып, өліп қала жаздады Индердің екі тұрғыны ажал аузынан қалды. 8 желтоқсан 2011, 18:52 2 085 просмотра
Сұрақ-жауап Еңбек шартында бәрі жазылады – Мен вахталық әдіспен жұмыс жасаймын. Компания басшылығы мені вахтааралық демалысым кезінде бір күндік оқу семинарына жіберді. Менің білуімше, бұл күн екі есе мөлшерде төленуі тиіс. Ал жұмыс беруші семинарда өткізген күн үшін тәуліктік шығын төлемінің жартысын ғана төледі. Өйткені оқудың басқа жерде емес, менің қаламда өткенін айтты. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? 11 мамыр 2011, 20:42 2 384 просмотра
Сұрақ-жауап Қызметкердің пікірі ескеріледі - Компания басшылығы 2012 жылға арналған еңбек демалыстарының бекітілген кестесіне қол қоюды талап етіп отыр. Басшылық кестені қызметкерлерге мәлім етпестен бекітуге құқылы ма? Мәселен мен, еңбек демалысына жазда емес, күзде барғым келеді... 7 желтоқсан 2011, 20:59 2 607 просмотра
Сұрақ-жауап Қарыз қайтарылуы тиіс – Біз Балықшыдағы Құнанбаев көшесі, №24 үйде тұрамыз. Осыдан бірнеше ай бұрын «Асланбек» ПИК қызметкерлері бізге ешқандай ақы төлемейсіңдер деп уәде беріп, термомодернизация бағдарламасына қатысу үшін біздің жазбаша келісімімізді алған болатын. Енді міне, біздің қалай болғанда да ақы төлейтіндігіміз белгілі болды, яғни, біз ай сайын 10 жыл бойына 2 000 теңгеден төлеуге міндетті болдық. Бізге ешқандай да сметаны көрсеткен жоқ. Подъезіміз әйнектен жұрдай, сол баяғы сыз бен сасық иіс. Тек жертөледегі жылу құбырларын ғана ауыстырды. Біз таяуда көшетін болғандықтан, ақыны төлеуден бас тарттық. 7 желтоқсан 2011, 21:00 1 803 просмотра
Сұрақ-жауап Жекешелендіру енді жүргізілмек – Бұрын біз ағамыз екеуміз С.Датов көшесі, 21 үйдегі жатақханада тұрған едік. 2006 жылы жатақхананы бұзды, қолымызға қала әкімінің қаулысы негізінде Аманшин көшесі, 74 үйден екі бөлмелі пәтерге ордер берді. Біз содан бері қарай баспанамызды жекешелендіре алмай келеміз. Алдымен... 7 желтоқсан 2011, 21:01 1 938 просмотра