Атырау, 27 желтоқсан 01:56
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ауладағы бассыздық 9000 теңгеге шықты

1 966 просмотра

- Күн сайын көршім өз көлігін мына суреттегідей етіп қояды. Айтыңызшы, көлікті осылай қойғаны үшін заңда қандай шара қарастырылған?

Телефон арқылы

ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІНІҢқолы қойылған ресми хатта жазылғандай, осы көлік жүргізушіге қатысты әкімшілік жаза шарасы алынып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 2-тарауының 463-4-бабы бойынша 9 072 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Бұдан басқа, жүргізушіге жол қозғалысы ережесі мен қоғамдық қауіпсіздікті бұзбау туралы ескерту берілді.

Бет қатталып жатқанда тағы хабарласқан оқырманымыз  көлік иесінің  тиым салынған жерге  қоюын тоқтатпай отырғанын хабарлады. ІІД ЖПБ  әкімшілік тәжірибе жөніндегі аға инспекторы  Мұса БЕКҚАЛИЕВТІҢ айтуынша  жоғарыда көрсетілген бапты қайта бұзған жағдайда 15АЕК мөлшерінде айып салынып, жол қатынастары ережелерінен сынақ тапсыруға жіберілетін болады.

19 мамыр 2011, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.