Сұрақ-жауап Бюджеттік ахуал - Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу үшін жас отбасылардан құжаттарды қандай себеппен қабылдамай отыр? Халыққа қызмет көрсету бөліміндегілер құжаттардың тек мемлекеттік қызметкерлерден ғана қабылданатындығын айтты. Жас отбасылар кезекке тұра алатын келесі мемлекеттік бағдарлама қашан жарияланады? 30 наурыз 2011, 20:38 2 432 просмотра
Сұрақ-жауап Салық туралы ұмытпаған жөн - Осыдан үш жыл бұрын мен жеке кәсіпкерлік ісімді ашқан едім. Алайда, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігім болмады. Салық комитетіне есеп те тапсырғаным жоқ, тіпті, сол үш жылдың ішінде бірде-бір рет барып көргенім жоқ. Енді келіп мені таныстарым айыппұл төлейсің деп қорқытып қойды. Олардың айтып отырғандары рас па және мен сол мәселеге қатысты түсінік алу үшін қайда жолыққаным дұрыс? 30 наурыз 2011, 20:27 2 604 просмотра
Сұрақ-жауап Оқу ақысы кімнің есебінен төленбек? - Мен көп балалы отбасынан шыққан студентпін. Анам зейнеткерлікте, әкем осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болды. Биылғы жылы жоғары оқу орынындағы оқуымның ақысын төлеу қиынға соқты. Ақпан айында облыс әкімі Бергей Рысқалиев биылғы жылы да өткен жылдардағыдай жергілікті бюджет есебінен «тұрмысы аз қамтылған, сондай-ақ, дағдарыс салдарынан ата-аналары қаржылық қиыншылықтарға тап болған отбастарынан оқитын студенттерге ағымдағы оқу жылы үшін оқу ақысын төлеуге көмек көрсетілетіндігін» мәлімдеген еді. Мен облыстық әкімдіктен барлық құжаттарымды жинақтап көмек сұрадым. Алайда, маған әзірге қаржының бөлінбегендігін айтып, көмек беруден бас тартты. Енді маған қайда жолыққан дұрыс? 30 наурыз 2011, 20:29 2 950 просмотра
Сұрақ-жауап Мұраға қалған пәтер - өз меншігі - Ішкі істер органдарында жұмыс істейтін күйеуіміз екеуміздің пәтер кезегіне тұрғанымызға бес жылдай болды. Жақында оның анасы қайтыс болып, оған 1 бөлмелі пәтер мұраға қалды. Бізді пәтер кезегінен алып тастай ма, әлде кезек бойынша жаңа пәтер берген кезде мұраға қалған пәтерді алып қоя ма, соны білгіміз келеді? 30 наурыз 2011, 20:37 2 958 просмотра
Сұрақ-жауап Заттай дәлелдемелер туралы іс - Жақында менің бұрынғы күйеу балам тұтқынға алынды. Ол мінген көліктен тыйым салынған заттар табылған. Оны қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркеген. Алайда көлік маған тиесілі, ал ол тексенімхат бойынша басқару құқығымен ғана жүргізіп жүр. Машинаны маған ақыры қайтармады, ал алу хаттамасының көшірмесін бұрынғы күйеу балама берген. Оның үстіне, тергеуші Бектұрғанов маған машинаны тексеріп шығуға, оның дұрыс күйде екеніне көз жеткізуге бермеді, заттай дәлелдеменің жағдайы – спидометрдің көрсеткіші, бензин мөлшері, майысқан жерінің бар-жоғы туралы куәландыратын ешқандай құжат бермеді. Алайда бұған менде қала прокурорының қолы қойылған тиісті хаты бар. Маған оны дұрыс күйде қайтаратындығына кепілдік бар ма? 30 наурыз 2011, 20:35 5 066 просмотра
Сұрақ-жауап Құжаттар жолданды - 1990-шы жылдары Ленинград облысына тұрақты мекен-жайға көшіп бардым. Енді маған зейнетақы рәсімдеу оңай болмай тұр. 2008 жылы Атырауға келіп, өзім жұмыс істеген теміржол бөлімшесіне келіп, барлық қажетті құжаттарды мұрағатшыға қалдырып кеткен едім. Ол зейнетақы рәсімдеу үшін анықтама дайындап қоюға уәде берген еді, бірақ уәдесінде тұрмады. 2011 жылдың 11-ші қаңтарында қайтадан кадрлар бөліміне хат жолдадым, енді тағы күтудемін. 30 наурыз 2011, 20:32 2 631 просмотра
Сұрақ-жауап Басқа емханаға баруыңызға болады - Учаскелік дәрігерім ұнамайды. Мен басқаға қаралғым келеді. Қайтсем болады? 30 наурыз 2011, 17:40 2 290 просмотра
Сұрақ-жауап Бұл заңға қайшы - Менің қызым шетелдік компанияда жұмыс істейді. Өзі бес ай жүктілік мерзімде. Кадрлар бөліміндегі маман оған қысқартуға ұшырайсың депті. Осы дұрыс па? Бұл қаншалықты заңды? 30 наурыз 2011, 17:37 2 321 просмотра
Сұрақ-жауап Еңбек демалысыңыз төленеді - Мен СЭС-те санитардың аға көмекшісімін. Былтырғы жылдың қараша айының 1-і күні декреттік демалысқа шықтым. Дәрігерлер 6-наурызда босанып, 20-наурызға дейін еңбекке жарамсыздық бетшесін берді. Енді 20-наурыздан бастап бірден кезекті демалыс алайын десем, есепші маманымыз алты ай жұмыс істемеген адамға оның берілмейтінін айтады. Ал мен былтыр тамыз айынан бастап кезекті демалысқа шыққан едім. Екі ай жұмыс істеп, декретке шықтым. Біздің кезекті демалысымыз – 36 күн. Маған бұл жағдайда кезекті демалыс берілмеуі дұрыс па? Тағы да білгім келгені, менің 2-санатымның мерзімі 1-мамырда бітеді. Ол демалыс ақшасының көлеміне әсер ете ме? 30 наурыз 2011, 17:32 5 033 просмотра
Сұрақ-жауап Cәби сүйгім келеді - Менің жасым 23-те. Былтыр сәуір айында кесаревомен босандым. Бірақ, сәбиім дүниеден өтіп кетті. Биыл тағы да жүкті болдым. Бір ай жүктілік мерзіміндемін. Күйеуім бала сүйігісі келеді. Білейін дегенім, менің немесе баламның өміріне босану процесін бір жыл өткен соң қайталау қатерлі болмай ма? Білікті мамандар бұған не дейді екен? 30 наурыз 2011, 17:39 3 293 просмотра
Сұрақ-жауап Анықтамалықтар қолданылмайды - Атырау қаласының жаңартылған телефон анықтамалығы осыдан шамамен төрт жыл бұрын шығарылған болатын. Осы уақыт ішінде көптеген нөмірлер ауысып, кәсіпорын мәліметтері ескірген еді. Жақын уақытта Қазақтелеком жаңа телефон анықтамалығын шығаруды жоспарлап отырған жоқ па? 23 наурыз 2011, 19:51 2 794 просмотра
Сұрақ-жауап Мегалайн қызметіне сұраныс мол - Бір ай бұрын «Қазақтелеком» АҚ-на «Мегалайн» қызметін қосуға өтініш берген едік. Бір ай өтті, бірақ бізді әлі қосқан жоқ. Қазақтелеком қызметкерлері қосуға қатысты кешеуілдеуді қазіргі кезде бос порттардың жоқтығымен түсіндіреді. Кейбір таныстарымыз Мегалайнға қосылуды үш айлап, кейде жарты жылдап күтуде. «Қазақтелеком» Атырау филиалында «Мегалайн» орнатуды жылдамдату үшін қандай шара алынуда? 23 наурыз 2011, 19:52 2 527 просмотра
Сұрақ-жауап Бейнежазба 30 күн сақталады - Лесхоз ықшам ауданындағы ауламызға бейнебақылау камерасы орнатылған. Ол жұмыс істей ме, жоқ па, білмейміз. Жақында көршіміздің жайып қойған кірін ұрлап кеткен еді. Ұрыны табуды ұйғардық, өйткені оны өзіміздегі біреулер ұрлады деп күдіктеніп отырмыз. Әрине, полицияның ұрланған кірден басқа да анағұрлым маңызды істері бар, бірақ полицияның аты полиция ғой. 23 наурыз 2011, 19:46 2 515 просмотра
Сұрақ-жауап Асфальт салынады - Гидрометорталығының маңында орналасқан Жерұйық ықшам ауданындағы №15 көше қашан асфальтталмақ? 23 наурыз 2011, 19:56 2 299 просмотра
Сұрақ-жауап Мұрағатқа сұраныс жіберіңіз - Фин соғысына кеткен адамның мұрағат мәліметтерін табу үшін қайда хабарласу керек және оған не қажет? Әлі күнге дейін туысқандары одан еш хабар ала алмаған. Сұраныс жіберетін электронды мекен-жай бар ма және бүкіл іздеу процесі қанша уақыт алады? 23 наурыз 2011, 19:54 2 673 просмотра
Сұрақ-жауап Жеке сот орындаушы болу оңай емес - Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне ресми рұқсат етілген деп естідім. Менің заң білімім бар, әскер қатарында болдым, сотталмағанмын. Жеке сот орындаушыларына қандай талаптар қойылады және лицензия алу үшін не істеу керек? 23 наурыз 2011, 19:48 9 420 просмотра
Сұрақ-жауап Ескерткішті есіркейік! - Менің білуімше, Балықшыдағы балық өнеркәсіп зауытының маңындағы 1975 жылы ашылған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес-жауынгерлерге арналған ескерткіш жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген еді. Қаланың билік басындағылары бұл ескерткішті қайтадан қалпына келтіруді және ескерткіш орналасқан аумақты көріктендіруді қолға ала ма? Өйткені, ескерткіш өте нашар күйде... 16 наурыз 2011, 00:40 2 611 просмотра
Сұрақ-жауап Тұрғын үй жәрдемақысы тиесілі - Мен зейнеткермін, жалғыз өзім тұрамын. Ересек үш балам бөлек тұрады. Мен тұрғын үй жәрдемақысын ала аламын ба әлде ол ешқандай туғаны жоқ жандарға ғана төлене ме? Телефон арқылы 16 наурыз 2011, 00:47 2 851 просмотра
Сұрақ-жауап Аумақтық бөлімшеге келіңіз - Күйеуім Қазақстан азаматтығын алған, жақында Алматы облысынан Атырауға көшіп келдік. Енді оған құжаттарды рәсімдеуі керек. Мұны қалай істеуге болады? 16 наурыз 2011, 00:54 2 313 просмотра
Сұрақ-жауап Дерекқорға енгіземіз - Мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz сайтына жеке бас куәлігім мен ЖИН мәліметтерін енгізген едім. Дерекқор қате үйдің мекен-жайын көрсетті. Не істеуім керек? - Мен сайлаушылар тізімінде жоқпын. Қайдан тіркелуге болады? 16 наурыз 2011, 15:03 2 326 просмотра
Сұрақ-жауап Күрелетін тізімге енген жоқ - Өткен аптада бізге әлдебір делегация келіп, өздерін комиссиямыз деп таныстырып, барлық тұрғындарды тіркеп, жеке бас куәліктері мен үй кітабының көшірмелерін талап етті. Үй күреледі дейді. Біздің үй, шынымен де, ескі, апатты үй екені анық. Бірақ мұндай комиссия алғаш рет келді. Үйде қарт анам ғана бар еді, олардың қайдан келгенін анықтап сұрамапты. Мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қоңырау шалдым. Ондағылар ешқандай да күреудің жоспарланбағанын мәлімдеді. Сонымен біз мүліктерімізді жинастыра берейік пе, жоқ па? 16 наурыз 2011, 01:11 2 312 просмотра
Сұрақ-жауап Дерекқорға енгіземіз - Мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz сайтына жеке бас куәлігім мен ЖИН мәліметтерін енгізген едім. Дерекқор қате үйдің мекен-жайын көрсетті. Не істеуім керек? - Мен сайлаушылар тізімінде жоқпын. Қайдан тіркелуге болады? 16 наурыз 2011, 02:02 2 359 просмотра
Сұрақ-жауап Жер округтерден беріледі - Таяуда әкімдік қайтадан қала маңынан жер учаскесін бере бастады деп хабарладыңыздар. Бұл учаскелер қаланың қай бөлігінде және ол үшін қандай құжаттар әкелу керек? 16 наурыз 2011, 02:28 2 532 просмотра
Сұрақ-жауап Тұрғын үй алаңы кеңейсе, кезекке тұрмайсыз - Менің тұрғын үй кезегінде тұрғаныма 5 жыл болды. Жақында күйеуім мұрагерлікпен өзіне бір пәтерге ие болды. Енді менің кезекте тұруға құқығым бар ма? 3 наурыз 2011, 16:54 2 359 просмотра
Сұрақ-жауап Бұл - заңсыз әрекет - Мен «Гате Иншат» түріктің құрылыс компаниясында жұмыс істедім. Жақында осы жұмыстан бірден жеті-сегіз адамды қысқартты. Оның бәрі де қазақ. Ал сырттан келген өзбек ұлттыларды жұмысқа алып қалды. Неге бұлай? Біздің олардан неміз кем? 9 наурыз 2011, 21:31 2 426 просмотра