Атырау, 26 желтоқсан 12:41
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бюджеттік ахуал

2 432 просмотра

- Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу үшін жас отбасылардан құжаттарды қандай себеппен қабылдамай отыр? Халыққа қызмет көрсету бөліміндегілер құжаттардың тек мемлекеттік қызметкерлерден ғана қабылданатындығын айтты. Жас отбасылар кезекке тұра алатын келесі мемлекеттік бағдарлама қашан жарияланады?

www.azh.kz сайтынан

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің қалалық тұрғын үй секторының бастығы Ділмұхамед БАРБОСЫНОВ жауап береді: «2005-2007 жылдарға, 2008-2010 жылдарға есептелген «Жас отбасы» санатындағылар үшін ипотекалық баспана құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аяқталды. Сондықтан 2011 жылдан бастап жас отбасылардан арыз қабылдамаймыз. Баламасы ретінде мемлекет қазір халыққа «Тұрғын үй-құрылыс банкінен» 10, 15 және 20 жылға есептелген тұрғын үй несиелерін ұсынуда. Өткен жылдарда арыз бергендердің бір бөлігі бүгінде бізден құжаттарын алып, «Тұрғын үй-құрылыс банкіне» рәсімдеуде. Қазір жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу үшін басқа бағдарламалар әзірге жоқ».

30 наурыз 2011, 20:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.