Атырау, 26 желтоқсан 12:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Оқу ақысы кімнің есебінен төленбек?

2 950 просмотра

- Мен көп балалы отбасынан шыққан студентпін. Анам зейнеткерлікте, әкем осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болды. Биылғы жылы жоғары оқу орынындағы оқуымның ақысын төлеу қиынға соқты. Ақпан айында облыс әкімі Бергей Рысқалиев биылғы жылы да өткен жылдардағыдай жергілікті бюджет есебінен «тұрмысы аз қамтылған, сондай-ақ, дағдарыс салдарынан ата-аналары қаржылық қиыншылықтарға тап болған отбастарынан оқитын студенттерге ағымдағы оқу жылы үшін оқу ақысын төлеуге көмек көрсетілетіндігін» мәлімдеген еді. Мен облыстық әкімдіктен барлық құжаттарымды жинақтап көмек сұрадым. Алайда, маған әзірге қаржының бөлінбегендігін айтып, көмек беруден бас тартты. Енді маған қайда жолыққан дұрыс?

 www.azh.kz сайтынан

Бұл мәлімдемені облыс әкімі Бергей Рысқалиев жыл сайынғы өз есебін беру кезінде жасаған еді. Сол кезде әкім бұл бағдарламаның ата-аналары дағдарыс кезінде жұмыссыз қалған студенттер үшін бір жолғы берілетін акция ретінде тағайындағандығын атап өткен болатын. Мұқтаж студенттер сұранысының көп болуы салдарынан облыстық әкімдік жеңілдік бағдарламасын жалғастыру мүмкіндігін қарастырмақшы.

Бағдарлама операторының өкілі- облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Серік САПАНОВТЫҢхабарлауынша, бүгінгі күні студенттерден шамамен 60-тай арыз түскен. Ол, сондай-ақ, әкімдіктен көмекті мұқтаж студенттермен қатар, шетелде оқитын жастардың да сұрап отырғандығын атап өтті. С.Сапановтың айтуынша, қаржылық тапшылық көрген отбасылардың балаларын Қытайдың және Англиялың жоғары оқу орындарына жібермесі анық.

- Ондай отбасылардың балаларының бірінші курсының оқуын және онда тұратын жайын төлеуге қаржысы табылған, алайда, олар енді келіп мемлекеттік көмек сұрайды. Әрине, біз ондай студенттерге көмек бере алмаймыз. «Болашақ» есебінен оқысын. Әзірге бағдарламаны биылғы жылға қаржыландыру мәселесі шешіле қойған жоқ. Ал, егер шешілген жағдайда жергілікті жоғары оқу орындарында оқитын тұрмысы аз қамтылған отбасының студенттеріне ғана басымдық беріледі.  

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВ мұқтаж студенттер оқуының ақысын төлеу мәселесі таяу айларда шешілетін болады деп хабарлады. Ол сондай-ақ, бағдарламаны жалғастыру барысында оның көлемі қысқарып, тек аса мұқтаж отбасылардан оқитын студенттерге  ғана тиесілі екендігін айтып өтті.

2009 жылы облыстық бюджеттен студенттердің оқу шығындарын жабу үшін 119 млн. теңге, ал, 2010 жылы-123 млн. теңге бөлінді.

30 наурыз 2011, 20:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.