Атырау, 27 сәуір 05:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Күрелетін тізімге енген жоқ

2 224 просмотра

- Өткен аптада бізге әлдебір делегация келіп, өздерін комиссиямыз деп таныстырып, барлық тұрғындарды тіркеп, жеке бас куәліктері мен үй кітабының көшірмелерін талап етті. Үй күреледі дейді. Біздің үй, шынымен де, ескі, апатты үй екені анық. Бірақ мұндай комиссия алғаш рет келді. Үйде қарт анам ғана бар еді, олардың қайдан келгенін анықтап сұрамапты. Мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қоңырау шалдым. Ондағылар ешқандай да күреудің жоспарланбағанын мәлімдеді. Сонымен біз мүліктерімізді жинастыра берейік пе, жоқ па?
Валентина, Баймұханов көшесі, №48 үй

Сұраққа қала әкімі Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ жауап береді:
- Күрелетін құрылыстардың тізіміне бұл үй кірмейді, шамасы әңгіме алдағы тұрғын үй-коммуналдық реформа аясында тұрғын үй қорын несиеге күрделі жөндеу және термомодернизациялау туралы болып отырған шығар. Осы жобаға сәйкес тозған үйлердегі шатырларға, жертөлелерге және басқа да бүлінген жерлерге жөндеу жүргізіледі. Ішінара шығындарды мемлекет өз мойнына алып, аз қамтылған отбасылардың шығындарын төлейді, ал қалған қаржыны тұрғындар несиеге алып, оны өздері өтейтін болады.

16 наурыз 2011, 01:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.