- Ішкі істер органдарында жұмыс істейтін күйеуіміз екеуміздің пәтер кезегіне тұрғанымызға бес жылдай болды. Жақында оның анасы қайтыс болып, оған 1 бөлмелі пәтер мұраға қалды. Бізді пәтер кезегінен алып тастай ма, әлде кезек бойынша жаңа пәтер берген кезде мұраға қалған пәтерді алып қоя ма, соны білгіміз келеді?
www.azh.kz сайтынан
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің қалалық тұрғын үй секторының бастығы Ділмұхамед БАРБОСЫНОВ жауап береді: «Жоқ, бұл отбасыны тұрғын үй кезегінен алып тастамайды. Ал зайыбына мұраға қалған пәтер жаңа пәтер алған жағдайда да олардың меншігінде қала береді».