– Баламды «Мұнайшыдағы» бассейнге жазғым келеді. Бірақ ол жердегілер бір айға төленген ақша қайтарылмайды деп ескертті. Ал егер бір аптадан соң баламның хлорлы суға аллергиясы болса немесе ауырып қалса, 8000 теңге желге ұшты деген сөз бе? Бәлкім, бассейн басшылығы қолайсыз ережелер орнатпай, ымыраға келетін шығар? Өйткені бұл кешен біздің ақшамызға және біз үшін салынған емес пе?!
Телефон арқылы
«KMG EP-Catering» ЖШС жабық жүзу бассейнінің саттық жөніндегі менеджері Мәдина ХАЛУХАЕВА: «Жұмсалмаған уақытты басқа тұлғаға – туысқанына, сыныптасына немесе ересек адамға беруге болады. Алайда бассейн ережесінде мұның атаулы карта екендігі, басқа тұлғаға берілмейтіндігі жазылған. Бірақ біз жағдайды түсініп, егер бір жағдай бола қалса, бала ауырып қалса немесе шұғыл арада іссапарға шығу керек болса, қалған күндерді басқа адамға беруге рұқсат етеміз.
Бассейнге келу үшін аллергия және басқа сырқаттарға қатысты дәрігерден кеңес алған жөн. Оның үстіне, егер баланың ағзасына хлорлы судың жақпайтынын білсеңіз, бір айлық абонентті бірден сатып алу міндетті емес. Бір мәрте төлеу жүйесін пайдалануыңызға болады».