– «Европа плюс Казахстан» радиостансасы қайда кеткен және хабар тарату қашан іске қосылады?
Арыстан
Ғаламторда радиостансаның бағдарлама директоры Лилия Щадринаға сілтеме жасалып таратылған ақпараттарға сәйкес, стансадағы хабар тарату аймақтардағы радиотолқын рейтингісінің аздығына байланысты қаңтарда тоқтатылған көрінеді: «басшылық ретро форматы аймақтарда анағұрлым қажет деген шешім қабылдады. Саттық та әсер етті: «Еуропа плюс Казахстан» стансасының аймақтарда жақсы саттыққа қол жеткізу үшін рейтингісі жеткіліксіз болды».
Бүгінде бізде Қазақстанның басқа қалаларындағы секілді әдеттегі 106,8 FM жиілігінде «Ретро FM» хабар таратады. Ал «№1 в России»республикалық атауын Алматының қалалық радиосы деп өзгертті.
Алайда, шамасы, 20 жылдан аса тарихы бар және ТМД елдерінің жартысында жұмыс істейтін сапалы радио рейтингісінің төмендігі туралы түсінбестік туғызған тұжырымның соңында анағұрлым салмақты нәрсе тұрған секілді. Ол жөнінде радио басшылығы мәлімдегісі келмей отыр. Қалай дегенмен де, радио жүргізушілерінің бірі Арнұр ИСТЫБАЕВПЕН телефон арқылы хабарласқанымызда, ол әлдебір тендерге және лицензияға қатысты қиындықтарды желеуретті. Алайда радиостансаның бұрынғы ауқымды қайтарғысы келетін жалпы ниеті барын білдірді. Яғни, «Европы плюс Казахстан» тыңдармандарына үміт бар.