Атырау, 7 қазан 09:38
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Еңбек шартында бәрі жазылады

2 349 просмотра

– Мен вахталық әдіспен жұмыс жасаймын. Компания басшылығы мені вахтааралық демалысым кезінде бір күндік оқу семинарына жіберді. Менің білуімше, бұл күн екі есе мөлшерде төленуі тиіс. Ал жұмыс беруші семинарда өткізген күн үшін тәуліктік шығын төлемінің жартысын ғана төледі. Өйткені оқудың басқа жерде емес, менің қаламда өткенін айтты. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бастығы Әліпқали ДӘУЛЕТЬЯРОВ жауап берді. Оның айтуынша, қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелері ҚР Еңбек кодексінің Ерекше бөлімінің 11-ші тарауымен реттеледі. 143-баптың 3-тармағында кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепілдіктерді пайдаланады делінген. «Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру» деп аталатын 141-бапта жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады; келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін деп айтылған. Ал 144-баптың 1-тармағының 4-тармақшасында оқыту шарты оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін қамтуы тиіс делінген.

«Осы нормалардың барлығы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өзара қарым-қатынасын реттейді. Оқытуға кеткен уақытты төлеу мәселесі еңбек шартында айтылуы мүмкін. Егер осы құжатта оқытуға жұмсалған күндерді толықтай төлеу қарастырылған болса, онда қызметкер осы шарттың орындалуын талап ете алады. Егер еңбек шарты осы мәселенің шешімін қарастырмайтын болса, онда оны оқыту шартында қарастыруға болады», - деп атап өтті Ә.Дәулетьяров.

11 мамыр 2011, 20:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.