Атырау, 20 сәуір 04:35
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Орысша білмегенім үшін опынып келемін

3 039 просмотра

– Мен мемлекеттік қызметкермін, мемлекеттік тілді еркін  меңгергенмін. Ал, орысшам аса тәуір емес. Менің тікелей бастығым, керісінше, қазақ тілін білмейді. Сонысынан болар, ол барлық құжаттарды орыс тілінде жүргізуге және келген хаттарға, мейлі ол қазақ тілінде болсын орысша жауап беруге бұйырады. Соның нәтижесінде мен қызмет бабында  жоғары лауазымдарға көтеріле алмай отырмын. Мәселен, мен істің барысын жақсы түсінемін, барлық қажетті деген құжаттармен таныспын, барлық туындаған сұрақтарға жауап та, түсінік те  бере аламын, алайда, бастығым мені түсінбейді, әрине, түсінбегендіктен тыңдамайды да. Алға орыс тілін білетіндер шығады. Мен құжаттарды орыс тілінде жүргізуге міндеттімін бе?

Телефон арқылы

Сауалға облыстық тілдер басқармасының заңгері Алтынай САЙЛЫБАЕВА жауап береді.«Тілдер туралы» Заңның 8-бабына сәйкесті біздің елімізде жергілікті өзін-өзі басқару органдары және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  іс басқарудағы жұмыс тілі мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) жүргізіледі. Және онымен тең түрде орыс тілі де қолданылады. Заңның 11-бабында мемлекеттік және мелекеттік емес ұйымдарда азаматтардың хаттары мен басқа да құжаттарға жауаптар мемлекеттік тілде немесе хат қай тілде келсе сол тілде беріледі делінген. Ал, енді қызметкердің қызмет бабындағы өсуі мәселесіне келетін болсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 82-бабы бойынша жеке тұлғалардың тілді таңдау құқығы шектелген және тіл белгілері бойынша алалау жағдайлары орын алғанда 5 айлық есептік көрсеткіштен 20 АЕК көлемінде лауазымды тұлғалар үшін айыппұл қарастырылған. Басшылық тараптан тіл белгілеріне қарай қысым көріп отырған  мемлекеттік қызметкер сотқа және мемлекеттік қызметкерлер істері жөніндегі агенттікке  шағымдануға құқылы.  

11 мамыр 2011, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.