- Жұмысыма байланысты шетелге жиі шығуыма тура келеді. Қазір төлқұжатымда бір ғана соғылған жарамды виза бар. Жақын арада тағы үшеуі соғылмақ. Содан кейін құжатта бос парақ қалмайды. Төлқұжаттың жарамдылық мерзімі 2016 жылы ғана бітетіндігін ескерсек, не істегенім жөн?
Евгений Ч.
Облыстық әділет департаментіндегілер түсіндіргендей, төлқұжатты ауыстыруға тура келеді. Ол үшін ескі құжатыңызды жарамды визасымен қалдырып, оны визаның мерзімі өткен соң қайтару жөнінде өтініш жазу керек. Бұл туралы толық ақпаратты сізге халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары түсіндіреді.