Атырау, 11 қараша 06:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Жағдайды түсіндірсеңіз, жеріңізді тартып алмайды

2 131 просмотра

- Біз Тасқала-4 елдімекенінің тұрғындарымыз. Екі жыл бұрын жердің уақытша мемлекеттік актісін алғанбыз. Алайда, мұнда құр жерден басқа ештеңе жоқ. Коммуникация әлі күнге дейін тартылмаған. Газ, су, жарық желілері жүргізілмеген. Акттің мерзімі 2 жыл. Оның бітуіне де 1 ай қалды. Біз ауылға ештеңе тартылмаған соң, бәрібір үй тұрғызғанымен, онда жылу, жарық, су болмағасын тұра алмаймыз деп, үй құрылысын да бастамап едік. Енді жерді пайдаланбағанымыз үшін бізден оны тартып алмай ма? Қалай болады? Жерді өзімізде қалдыру үшін не істеуіміз керек?

Сисен Жексенбаев

Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАхабарлағандай, заң бойынша тұрғындарға тиесілі жер үлесі екі жылға дейін жалға беріледі. Егер алынған жер үлесі өз мақсаты бойынша екі жылға дейін пайдаланылмаған болса, онда ол жер тартып алынады. Ал жер иесі жердің үстінен тұрғын үй салуға жағдайы болмаған болса, жазып, түсіндіруге тиісті. Ол үшін жерді уақытында пайдалана алмаған жер иесі жер актісін алған жергілікті әкімнің атына арыз жазуы керек. Кейін бұл мәселе арнайы құрылған комиссия арқылы шешіледі. Сөйтіп, жер комиссияның шешімімен қалдырылады

19 мамыр 2011, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.