Атырау, 8 қазан 20:19
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Сараптамаға ақы төленбейді

2 241 просмотра

– Дәрігерлердің әрекетіне қайда шағымдана аламын? Екі апта бойына туысқанымды емханада өт қабы қабынған деп емдеді. Содан кейін ол ауруханаға түсіп қалды. Ол жерде жарық ауруы деген диагнозбен шұғыл арада операция жасап, оны алып тастады. Операциядан кейінгі екі күннен соң іс жүзінде оның соқырішегі жарылып, іріңдей бастағаны анықталды. Әйелге қайтадан операция жасады. Содан кейін іріңнің жартысы ағзада қалып қойып, басқа проблемалар басталған. Тік ішектің бір бөлігін алып тастауға тура келген. Қазіргі кезде туысқаным жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін қауіптеніп отыр. Қайда шағымдансам болады? Мұнымен жеке сарапшылар айналысады деп естіген едім.


Медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдарды тексерумен тікелей біз айналысамыз, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті департаментінің бастығы Мұрат ҚҰЛБАСОВ. Пациенттің туысқанына біздің кеңсеге келіп, арыз жазуы керек. Қалған мәселені біздің мамандар атқарады. Қажет болған жағдайда жеке сарапшыларды да тартатын боламыз. Олардың жұмысы үшін пациенттер ақы төлемейді. Сарапшылар мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді. Өз шағымының жауабын істі қарағаннан кейін ала алады. Бұл әдетте 30 күндей уақыт алады.

4 мамыр 2011, 21:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.