Атырау, 27 желтоқсан 00:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қамау орнында құмар ойынға жол жоқ

2 439 просмотра

– Түрмеде отырған сотталғандармен кездесу барысында және пошта арқылы сәлемдеме жібергенде қандай заттарды беруге тыйым салынған? Және сотталғандардың өздеріне келушілердің әлдебір тізімін жасауға тиісті екендігі рас па?

Телефон арқылы

Қылмыстық түзету жүйесі басқармасы департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі аға инспектор-маманы Артур ХИСАМЕДЕНОВТІҢайтуынша, сотталғандарға қалбырға салынған заттар, өткір-үшкір заттарды, сондай-ақ, есірткілер мен спирттік ішімдіктерді беруге болмайды. Құмарлық ойындарға жатады деп есептелген картаны да беруге тыйым салынған. Тек тез бұзылып кетпейтін құрғақ азық-түліктер, тәттілер мен печеньелер, кәмпиттер (орамасыз), темекі өнімдері, жеке бас гигиенасына қажетті заттарды беруге рұқсат етілген. Берілетін сыртқы киім бір  қара түсті болуы керек. Егер сотталушыға қандай да бір дәрі-дәрмектер қажет болса, оны алдымен дәрігерлер тексеріп шығады.

Шынында да сотталушы тек өзінің ең жақын туыстары жазылған тізімді толтырады. Ол тізімде ешқандай достары да таныстары да болмауы тиіс. Алайда, кей жағдайларда сотталушының әлдебір себептермен өз жақындарын көргісі келмейтіндері болса, оларды тізімге енгізбеуіне болады. Мұндай жағдайда кездесуге ниеттенуші адам өзінің сотталушымен туысқандығын құжаттар арқылы дәлелдеуге тиісті.

27 сәуір 2011, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.