Атырау, 27 желтоқсан 00:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Есептен шығаруға болады

2 351 просмотра

– 1991 жылы біз мотоциклді бас сенімхат бойынша сатқан болатынбыз, ал, жақында бізге салық комитетінен қуаттылық бойынша салынатын салықтан сол уақыттан бері бережақтарымыздың бар екендігі туралы хат келді. Кейін мен сатып алушының Дамбы поселкесінде тұрғандығын анықтадым, алайда, ол адамның 2007 жылы суға кетіп, қайтыс болғандығы белгілі болды. Мотоциклдің құжаттары, мотоциклдің өзінің қайда екендігін бізге хабарлаған жоқ. Қолымызға тек ол адамның өлгендігі туралы анықтаманы берді. Дегенмен, біздер салықты төледік. Енді әрі қарай не болмақ? Біз енді  бұдан былай да бөтен біреудің атындағы мотоцикл үшін төлей береміз бе?

Римма Григорьевна

ІІД ЖПБ жол-күзет қызметінің бастығы Талғат МАРДЕНОВТІҢ айтуынша, сізге ЖПБ бастығының атына болған жайтты  баяндап және барлық қолда бар құжаттарыңызды (өлгендігі туралы анықтаманың көшірмесі, салық төлегендігі жөніндегі түбіртектерді) тіркеп және мотоциклді есептен шығаруға көмектесуді сұрап өтініш жазуыңыз керек. Одан әрі ЖПБ-нан келген жауаптың негізінде процедураға сәйкесті азаматтық тәртіп бойынша сотқа да көлік құралын есептен шығару жөнінде жолығуыңыз қажет. Кейін сот шешімінің негізінде ЖПБ  тіркеу-емтихан бөлімі қызметкерлері оны жүзеге асыратын болады. 

4 мамыр 2011, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.