– Біз ПИК-не біздің үйдің алдынан балалар алаңын жасау жөнінде өтініш жасаған едік. Ақпан айында ТКШ бөлімінің бастығы қалада барлық жерде балалар алаңы жасалатын болады деп хабарлаған болатын. Біздің аулада автотұрақ орнатып қойған, балалардың ойнайтын жері жоқ.
Авангард -4 мөлтек ауданындағы №13 үйдің тұрғындары
Сауалға «ММ-19» ПИК төрайымы Жанна СИСЕНҒАЛИЕВА жауап береді:«Осыдан 4 жыл бұрын біз қалалық әкімдікке аулаларды және балалар алаңын көріктендіру үшін өтініш жасаған болатынбыз. Тек үш үйдің №№9, 14 және 14а үйлердің аулаларында ғана алаң жасақталды. №13 үйдің ауласын көріктендіруге «Бавариус» мейрамханасының қожайыны міндетті болатын. Ол құрылысты бастар алдында осы үйдің тұрғындарынан рұқсат алған кезде үй ауласын көріктендіріп, балалар алаңын жасауға уәде еткен еді. Тұрғындар өз қолдарын қойған еді. Алайда ол содан бері уәдесін орындай қойған жоқ. Бар болғаны 2 орындық орнатып, арматурамен қоршау ғана жасады. Оған әрине, тұрғындар риза бола қоймады».