– Мен жаңа үй салдым. Қыстап шықтық, бәрі де жақсы секілді, алайда, үйдегі ұсақ құмырсқалардан құтыла алатын емеспіз. Достарымнан да, көршілерден де сұрасам оларда да осындай проблема орын алып отырған көрінеді. Олардың қайдан шығатынын және құмырсқалардан қалай құтылуға болатынын айтсаңыздар екен?
Телефон арқылы
Бұл сауалмен біз облысқа белгілі энтомолог Алексей БОРИСОВКЕ жолықтық. Ол былай деп жауап берді: «Ұсақ құмырсқалар әдетте топырақта болады, сондықтан да олар барлық жерде бар. Үй салатын жаңа құрылыс учаскелері бос алаңдардан беріледі, ал ол құмырсқалардың нағыз мекені. Үйді салар алдында учаскені қарап, егер құмырсқаның ұясы болса, улы химикаттармен улап немесе ыссы су құюға болады. Ал, үйдегі құмырсқаны тазарту қиындау, улап отырсаң да қайта-қайта шыға береді».