- Махамбет ауданына қарасты Береке ауылының ішіне биыл жол салына ма?
Телефон арқылы
- «Мұнайшы» бау-бақша қоғамына қарасты учаскелердің Яблоневый және Виноградный көшелеріне жол салына ма?
Телефон арқылы
Бұл сауалдарға қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлағанындай,биылғы жылдың бюджет жоспарында аталған көшелерді асфальттау жұмыстарына қаржы бөлу жағы қарастырылмаған. Сол себепті, биыл бұл көшелерге жол салынбайды.
Дайындаған Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ