Атырау, 27 желтоқсан 01:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Меншік құқығы тиесілі

2 914 просмотра

– 16 жастағы балама пәтер сатып алып, оны соның атына рәсімдегім келеді. Бұған қақым бар ма және ол кәмелетке толмағандықтан пәтердің қожайыны бола ала ма?

Телефон арқылы

«Maximum» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі Айдос ИБРАЙЫМОВжауап береді: «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде «құқық қабілеттілігі» және «әрекетке қабілеттілік» деген түсініктер бар. Құқық қабілеттілігі дүниеге келген уақыттан басталып, қайтыс болғанда тоқтатылады. Әрекетке қабілеттілік кәмелетке толған сәттен, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін басталады. Сіздің жағдайыңызда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 22-1-бабының 2-тармағын басшылыққа алған, яғни, өзіңіздің кәмелетке толмаған ұлыңызды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялағаныңыз (эмансипация) жөн. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау ата-анасының екеуінің келісімімен, ал ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес меншікке ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға (соның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге жеке меншік құқығына) ие болады және міндеттерді (оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) мойнына алады. Бұл жағдайда ата-аналар (қамқоршы) кәмелетке толмаған эмансипацияланған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды».

13 сәуір 2011, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.