– Біз бес қабатты үйде тұрамыз (115 пәтер, 8 подьезд), бізде аптасына бір рет қана жинайды, оның өзінде айқаймен жиналады. Жалпы қанша рет жиналуы тиіс?
Авангард-4 мөлтек ауданындағы №13 үй тұрғындары
Оқырмандардың сауалына ПИК Ассоциациясының төрағасы Асылбек МҮЛІКОВ түсінік берді: «Әдетте подъездерді қанша рет жинау керектігі тарифте көрсетілген. Алайда, бұл үй қарайтын ПИК біздің Ассоциацияға кірмейтін болған соң мен ештеңе айта алмаймын».
№13 үйге қызмет көрсетуші «ММ-19» ПИК төрайымы Жанна СИСЕНҒАЛИЕВА: «Әдетте біз аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері жинаймыз. Ал, қазір санитарлық екі айлық жарияланғаннан бері барлық күшті көше тазалығына жұмылдырып отырмыз. Ағаштарды түптеу және әктеу, жиек тастарды әктеу, жертөлелерден қалдықтарды шығарып, оларды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге дайындап жатырмыз. Сондықтан да біз қазір подъездерді жумай, тек сыпырып қана жүрміз. Бұл үйде де біз жөндеу жұмыстарын жүргіздік: ақтадық, сырлап шықтық, подъездерге пластикалық желкөздер орнаттық».