Атырау, 21 желтоқсан 19:39
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Баж салығы текшемен салынады

3 205 просмотра

- Жыл басында Біріккен Араб Әмірліктерінен машина сатып алған едім. Енді сол жерден тағы бір машина сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Екінші машинаны кедендік рәсімдеу қаншалықты қымбатқа шығады?

Телефон арқылы

«ЦТО-Ақ жайық» кедендік бекетінің бас маманы Ахмедияр ЖАЛҒАСОВ жауап береді: «Бір күнтізбелік жыл ішінде екінші немесе одан кейінгі автомашиналарды әкелетін жеке тұлғалар үшін кедендік баж салығы мен салықтар мөлшерлемесі  бастапқы әкелу кезінде қолданылатын мөлшерлемеден ерекшеленеді. Егер тұлға шығарылған уақыты 3 жылдан көп болатын, бірақ 10 жылдан аспайтын, двигатель цилиндрінің жұмыс көлемі 1500 текше см-ден аспайтын көлікті бірінші рет әкелсе – мөлшерлемесі 1 текше см үшін 0,35 еуро,  1500-ден 3000 текше см-ге дейінгі көлемде – 1 текше см үшін 0,4 еуро, 3000 текше см-дан көп көлемде – 1 текше см үшін 0,6 еуро құрайды. Кедендік рәсімдеу кезінде бір күнтізбелік жыл ішінде жеке пайдалануға арналған екі және одан да көп жеңіл автомобильдердің мөлшерлемесі төмендегідей: шығарылған уақыты 3 жылдан көп болатын, бірақ 7 жылдан аспайтын, цилиндрінің жұмыс көлемі 1000 текше см-ден аспайтын көлікті әкелсе – мөлшерлемесі 1 текше см үшін 0,85 еуро; көлемі 1000-нан 1500 текше см-ге дейінгі көлемде – 1 текше см үшін 1 еуро; 1500-ден 1800 текше см-ге дейінгі көлемде – 1 текше см үшін 1,5 еуро, 1800-ден 3000 текше см-ге дейінгі көлемде – 1 текше см үшін 2 еуро; 3000 текше см-ден көп көлемде – 1 текше см үшін 2,25 еуро. Шыққан уақытынан бастап 7-ден 10 жылға дейінгі, көлемі 3000 текше см-ден аспайтын машиналар үшін – 1 текше см үшін 2 еуро; 3000 текше см-ден көп көлемдегі көліктер үшін – 1 текше см үшін 3 еуро.

30 наурыз 2011, 20:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.