Атырау, 2 мамыр 02:50
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Төлқұжат тіркелген орында рәсімделеді

2 247 просмотра

- Мен КСРО кезінде берілген төлқұжатымды 1992 жылы жоғалтып алдым. Өзім 1958 жылғымын. Бұрын Астана, Ақтөбе қалаларында да тұрдым. Өзім Миялыданмын. Қазір қалада тұрамын. Бүгінгі күні өзім құжатсыз жүрмін. Жеке куәлігім де, төлқұжатым да жоқ. Зейнетақы алатын кез де жақындап қалды. Немерелерімді бағып үйде отырмын. 1992 жылдан бері еш жерде жұмыс істегенім жоқ. Енді құжаттарды қайта жасақтау үшін әділет департаментіне барсам, ондағылар №1 санды арызды (форма №1) міндетті түрде Миялыдан алдыртуыңыз қажет деп отыр. Мұны қаладан алуға болмас па екен? Ауылға баруға қиынға соғып тұр. Осының бір шешімі бола ма?

Облыстық әділет басқармасының бас маманы Ақжан ЖҰМАХМЕТОВА:

- Егер сауал иесі қазір қалада тіркеуде тұрған болса, онда Қызылқоға ауданының орталығы Миялыға өзіміз сұрау хат жіберу арқылы әуелде төлқұжат алу үшін толтырылған №1 санды арызын алдыртамыз. Ал егер сауал иесі Қызылқоға ауданында тіркелген болса, онда төлқұжатты Миялыдан рәсімдеуіне тура келеді. Егер қазір қалада тіркеліп, төлқұжатты әуелде ауылдан жасатқан болса, онда жоғарыда айтып өткендей, қалада тіркелген азаматтың төлқұжатын жоғалтып алуына немесе ауыстыруына байланысты біздер №1 санды арызының көшірмесін міндетті түрде куәландырып беріңіздер деп, азаматтың құжатты рәсімдеген жеріне сұрау хат саламыз. Десек те, осы сауал иесі әділет басқармасына келсе, өзіне тағы бір түсіндіріп береміз.

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.