Атырау, 18 сәуір 10:45
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қолайлы уақыт шетелдіктер еншісінде

2 549 просмотра

- Мен  Мұз сарайының жұмыс кестесіне шағымданғым келеді. Сенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін шетелдік компания өз қызметкерлері үшін оны жалға алған. Осының салдарынан біз баламызбен барғанда кіре алмаймыз. Күндізгі сағат екіні ата-аналардың балаларымен демалатын ең қолайлы уақыт деп есептеймін. Өйткені кейінірек уақытта жасөсіпірімдер мен ересектер келеді. Әрине, демалыс күні сағат 2-де келуге болады, бірақ бұл отбасының үйде болып, жұмыс аптасына дайындалғысы келетін жалғыз ғана демалыс күні. Мұз сарайының басшылығы неліктен бұл туралы ойланбайды? Өйткені, біз, халық осы Мұз сарайын салу үшін салық төледік қой. Ал енді келіп, ең қолайлы уақытта сырғана алмай, бір компанияның ығына жығылуымыз керек.

Мұз сарайының басшысы Жалғас ӨТЕБАЛИЕВ: «Ата-аналардың талаптары түсінікті. Біз осы компаниямен көптен бері жұмыс жасап келеміз. Дегенмен де, таяу уақытта кесте бойынша сенбіден алып тастауға тырысамын. Ақпан айында бұзуы қиынға соғатын келісім жасалып қойған еді. Ал наурыз айында уәде беремін. Мүмкін тіпті, одан да ерте боп қалар».

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.