- Көптеген супермаркеттерде өздерінің наубайханаларын ашып алған, алайда, оларда сертификаттар жоқ. Санитарлық эпидемиологиялық станса және сертификаттау орталығы неліктен олардан сертификаттарын талап етпейді? Біз тіпті, өзіміздің неден уланғанымызды білмейтін боламыз ғой?!
Телефон арқылы
Сауалға ҚР метрология және техникалық реттеу комитетінің департамент директоры Лес БАЙМҰҚАШЕВ жауап береді: «2009 жылы шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесу мақсатында заңға кейбір түзетулердің енгізілгендігіне байланысты біз, яғни, тексеруші органдар жайдан-жай ол наубайханаларды тексере алмаймыз. Бізге жеке тұлғалардан нақты шағым түсуі керек, ал, ол бізге тексеруге негіз болады. Шағым хат Құқықтық статистика және ақпарат орталығына тіркеледі, онда бізге тексеруге рұқсат беріледі. Нан-бөлке өнімдері басқа да қажетті азық-түліктер секілді міндетті сертификаттауға жатады».