- Жүкті кезінде зайыбым «Медицина» АҚ емханасының мамандарының үнемі бақылауында болды. Бірақ денсаулығына байланысты күн алу керек болған кезде, «Медицина» АҚ дәрігері қалалық емханадан бюллетень ашуға кеңес берді. Өйткені олардың емханаларының жарамсыздық бетшелерін беруге, жүкті әйелдерді есепке алуға және оларға декреттік демалыс ашуға құқылары жоқ екен. Жарамсыздық бетшесін ашуға құқылы және мұндай құқыққа ие емес медицина мекемелерінің арасындағы айырмашылық қандай?
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ ақпараты бойынша, «Медицина» АҚ халыққа медициналық қызмет көрсетуге құқылы. Бірақ «Медицина» АҚ-ның лицензиясының қосымшасында еңбекке жарамсыздық бетшелерін беру қызметі жоқ.
Жүкті әйелдерді ерте кезеңде «Д» есебіне алу, жүктілік кезінде белгілі бір сала мамандарының қабылдауы, кеңес беруі, бақылауға алуы, зертханалық (қанның жалпы талдауы, биохимиялық талдаулар) және диагностикалық тексерулер (шарананы УЗИ-ге түсіру – үш мәрте) аумақтық қалалық және аудандық емханалардың құзырына кіреді.