Атырау, 25 желтоқсан 23:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сапасын төмендетуге жол бермейміз!

2 892 просмотра

- «Заман-нанның» бөлкесінің сапасына қатысты шағымданайын деп едім. Нанның сол түрін өте жақсы көремін, алайда, соңғы кездері оны жеу мүмкін болмай қалды, дәмі қышқылданып кеткен. Наубайхананың ингредиенттердің сапасы мен мөлшерін тексеретін өз зертханасы жоқ па?  Мен Мәскеуде болғанымда байқағанымдай, ондағы бөлке нанды майсыз-ақ жеуге болады, ал, бізде қантын дұрыс салмайды ма немесе басқа да жетіспеушіліктер бола ма, түсініксіз, қысқасы не керек, жұмысшының бар еңбегі зая  кетеді.

Нина Николаевна Янбаева, зейнеткер

«Заман групп» ЖШС-нің коммерция жөніндегі директоры Равиль ҚАДИМОВ бөлке нанның сапасы төмендеген жоқ деп сендіреді. «Бізде өз зертханамыз бар, ондағы біздің тәжірибелі мамандарымыз нанның барлық пісу кезеңін мұқият бақылауға алып отырады. Біз 40-тан астам нан-бөлке өнімдерін пісіреміз, ең сұраныстағы өніміміз бөлке мен қара бидай наны. Сондықтан да біз осы өнімдеріміздің сапасын төмендетуге жол бере алмаймыз. Кез-келген өндіріске әкелінген шикізат зертханадан өтеді, егер тексеруден өтпеген болса, бізге бағасына қатысты қандай да тиімді ұсыныстар түспесін біз ондай шикізаттан бас тартамыз. Астықты біз өзіміздің бұрыннан жеткізіп берушілеріміз «Цесна» корпорациясынан аламыз. Әрбір 10 бөлке наннан зертхана қызметкері дәміне тексеру жүргізеді. Біз нанның сапасы үшін тырысатын боламыз, өйткені, өте күшті бәсекелестік орта дамыған. Оқырман әйел бізге жолықсын, біз оған біздің барлық наубайханалық жұмыс кезеңдерін көрсете аламыз».

2 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.