- Сәбиім өткен аптада бір айға толды. Учаскелік педиатрға барып салмағы мен бойын өлшететін уақыт келді. Ең қиыны – талдау үшін несебін жинау. Танысым сәбидің астына дәке салып, сәл күтіп, содан соң сұйықтықты банкаға сығып алу керек деп кеңес берген еді. Бұл несеп талдауына әсер етпей ме және оны кешкісін жинап қоюға бола ма?
Айгүл
Дәрігер-педиатрМайя УКСИКБАЕВАНЫҢ айтуынша, несепті міндетті түрде таңертең жинау керек. Өйткені осы уақытта ол анағұрлым ақпаратты мол береді. Несепті жинау үшін дәріханадан сәбилерге арналған несеп жинағыш сатып алуға болады немесе бұл проблеманы дәріханада сатылатын клеенканы алдын ала жуып, оны баланың астына төсеу арқылы шешуге болады екен.