Атырау, 26 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Қарбыз тез бұзылады

2 958 просмотра

- Таяуда қаладағы көкөніс базарларының бірінен қарбыздың сатылып жатқанын көрдім. Оларды жеу қауіпті емес пе?

Вероника

Егер бұл кәдімгі көзіміз көріп жүрген тарғыл қарбыз болса қауіпті. Оның сақталу уақыты үш айдан аспауы тиіс. Әрине, оны сақтап көруге болады, бірақ сақтамаған жөн деп кеңес береміз. Өйткені мұндай қарбыздың дәмдік сапасы да болмайды, оның үстіне өз денсаулығыңды тәжірибеден өткізу де қауіпті. Жергілікті бақшашылардың айтуынша, егер қарбыз біртекті реңді күңгірт жасыл түсті болса, онда ол қарбыздың «Гүлстан» деп аталатын ең кеш шығатын сұрыптарының бірі болуы мүмкін. Ол Өзбекстанда өсіріледі және қараша айында жинап алынады. Оның бізге үйреншікті қарбыздан сәл айырмашылығы бар. Тәтті болса да оның іші қызғылт түсті болады. Бір қауіпті жері – тасымалдау кезінде бұл қарбыз төменгі температураға төзімсіз келеді. Жібітілген жидектің дәмі мақтаны еске түсіреді. Алайда оны сатып аласыз ба, жоқ па, ол өзіңіздің қалауыңыз. 

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.