- Жұма намазы кезінде қалалық мешітке келетін көп адам көліктерін Сәтбаев даңғылының көлік жолына қалдырып кетуді дағдыға айналдырған. Бұл жол-көлік ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі келтіреді. ІІД ЖПБ намаз уақыты басталмас бұрын осы учаскеге автоинспектор бөлмес пе екен?
Телефон арқылы
Бізге ІІД баспасөз қызметінде жауап бергендей, Сәтбаев көшесіндегі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұма намазы болатын күні жол полициясының қызметкерлері көлік қою ережесі бұзылмас үшін бақылау жасап отырады. «Сондай-ақ, «Ренессанс» қонақ үйі жағында көлік қоятын орын бар», - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.