- Біз Авангард -3 мөлтек ауданындағы №53 үйде тұрамыз. Міне, бірнеше апта болды біздің подъезіміз буланып кетті. Жылу құбыры жарылып кеткенге ұқсайды. Соның салдарынан кірер есікке мұз қатап, домофон істен шықты. Бірнеше рет «Махамбет» ПИК-не қоңырау шалғанымызбен, еш нәтиже шықпады.
Галина ВЕРБОВА
«Махамбет» ПИК төрағасы ЖАНАХМЕТОВТЫұстау бізге мүмкін болмады. Ол сырқаттанып жатқан көрінеді. Алайда, ПИК қызметкерлерінің айтуынша, кооператив қарамағындағы үйлер ескі, жыл сайын қыс түскенде үйлердің жертөлелерінде апат үнемі орын алып отырады екен. ПИК қарамағындағы 7 үйден басқа, ПИК-сіз қалған Авангард-2 мөлтек ауданындағы 5 үйді тағы да қосып алған. Бұл үйлер де тозығы жеткен. «Махамбет» ПИК жұмысшылары үйлердегі барлық ақауларды жойып үлгере алмауда. Дегенмен, олар №53 үйдегі жағдайды таяу күндерде шешуге уәде етіп отыр.