- 1990 жылдары Менің бауырымның өкпесінің бір бөлігін отамен алып тастады. Оған қандайма жеңілдіктер қарастырылған ба? Мүгедектігі туралы анықтама ала ма? Қазір жұмыс істемейді. Денсаулығы жарамайды. Тез ентігіп қалады.
Облыстық бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Гүлнәз МЕҢДІҒАРИЕВА:
-Мүгедектікті анықтау үшін алдымен бізге келіп, әлеуметтік медициналық сараптамадан өтуге тиіс. Өкпенің өзіне де түрлі ота жасалады ғой. Ол кісіге отаның өкпенің қай ауруынан жасалғанын біз анықтауымыз керек. Мүгедектік санатына жататын болса, анықтамасын береміз. Бірақ, қайтадан дәрігерлік тексеруден өтпей болмайды. Бізге денсаулығына байланысты құжаттарды жинап келсін. Отаны баяғыда жасапты. Сондықтан да, тез ентігуі - басқа да себептерге байланысты болуы мүмкін. Қалай болғанда да, дәрігерлерге қаралып, бізге амбулаторлық кәртішкесімен келуге болады. Әрі қарай біз оған толық түсіндірме береміз.