Атырау, 26 желтоқсан 11:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сотқа жүгінуіңізге болады

2 997 просмотра

Сотқа жүгінуіңізге болады

- Біз бюджеттік мекемеде істейміз. Жақында мекеме басшылығы бізге «жалақыларыңа 2008, 2009, 2010 жылдары артық ақша қосылып төленіп кетті, ол ақша 2011 жылы ұсталады» деп ескертіп ұстады. Осы дұрыс па?

«Maximum» адвокаттық кеңсе аға серіктесі Айдос ИБРАЙМОВ бұл сұраққа былай деп комментарий берді:

- ҚР Еңбек Кодексінің 137-бабынына сәйкес, қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiледi. Қызметкердiң өзi жұмыс iстейтiн ұйымға берешегiн өтеу үшiн оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердiң жазбаша келiсiмi бар болған кезде жұмыс берушiнiң актiсi негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Және ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшерi қызметкерге тиесiлi жалақының елу пайызынан аспауға тиiс.

Сіздің  жалақыңызды ұстап қалу үшін мекеме арнайы бұйрық шығарады және осы бұйрықта не себептен ақша сомасы ұсталатыны көрсетіледі.

Егер сіз бұл бұйрықпен келісетін болсаңыз, жазбаша келiсiмiңіз арқылы ұсталады. Егер келіспесеңіз, сотқа жүгінуге толық құқығыңыз бар.

9 наурыз 2011, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.