Атырау, 11 қазан 16:09
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Көмек алу үшін тіркелу керек

2 622 просмотра

- Мүгедекпін, көп жылдан бері полиартриттен жапа шегіп келемін. Бұрын мекен-жай бойынша №2 емханаға қаралатын едік, енді біздің СМП-136 ауданын Алмагүл ықшамауданындағы емханаға бекітіпті. Сырқатым бойынша дәрігерлер үйден қарап кететін. Алайда жаңа емхананың дәрігерлерін әзірге әлі көрген жоқпын. Маған «памперс» тиесілі болатын, бірақ қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оларды бөлмей отыр. Гигиена құралын алу үшін не істеу керек?

Д. Әміржанова

Сұрақтың бірінші бөліміне Алмагүл ықшам ауданындағы емхананың бас дәрігері Ғазиз ЕСҚАЛИ жауап береді. «Біздің емханаға қаралу үшін, басқа емханадағы секілді, оған есепке тұру қажет, яғни тіркелу керек. Д. Әміржанова таңдау жасай алады – бекітілген №2 емханада қалуына немесе бізге ауысуына болады. Ол үшін әуелі №2 емханадан шығу қағазын алып, содан соң бізден тіркелу қағазын толтыру керек», - деп түсіндірді ол.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Рая ОРАЛОВАНЫҢ айтуынша, зейнеткер Әміржанова, жалпы сырқаты бойынша ІІ топ мүгедегі, 18.08.2007 жылдан бастап әлеуметтік көмек бөлімінде есепте тұр және әлеуметтік қызметкер үйіне барып көмек көрсетеді. Оған жыл сайын түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мәселен, желтоқсан айында оған 15 мың теңге мөлшерінде бір мәрте материалдық көмек бөлініп, облыстық газетке жаздық. Міндетті тегін гигиеналық құралмен қамтамасыз етуге қатысты ол бөлімге хабарласқан жоқ. Мүгедектерге памперстар тек мынадай құжаттар бойынша ғана ұсынылады:  дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы (мекен-жай бойынша емханадан беріледі), жеке бас куәлігі, СТН, ӘЖК, үй кітабы, мүгедектігі туралы анықтама (барлық көшірмелері). ДКК қорытындысы дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясына (ДЕСК) ұсынылады. ДЕСК өз кезегінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын толтырады. Осы процедуралардың барлығы аяқталған соң аталмыш құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі. Ал Орталық оларды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдайды.

9 наурыз 2011, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.