Атырау, 11 қазан 08:29
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Электронды хат жазыңыз

3 175 просмотра

- Бір танысымның 7 баласы бар. Олар 15 жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Әйелі жұмыс жасамайды, отбасындағы жалғыз асыраушы - күйеуі. Ол да әлсін әлі қысқартуға ұшырап жатады. Әйелі жұмыспен қамту органдарына әлденеше рет хабарласқан, бірақ одан түк шықпады. Сондықтан ол жұмысқа орналасуға көмектесетін Астанадағы мекеменің мекен-жайын білуді өтінген еді.

www.azh.kz сайтынан

Сұраққа облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Гүлмира ШАКИРОВА комментарий берді: «Өкінішке орай, жанұяның қай жерде тұратыны және қандай мемлекеттік органдарға хабарласқаны бұл сұрақта түсініксіз боп отыр. «Жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес, жұмыссыз адам мекен-жайы бойынша аумақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласа алады. Онда оның әлеуметтік жағдайын ескере отырып, мамандығы бойынша жұмысқа немесе қоғамдық жұмыстарға, оқуға немесе қайта оқуға жіберуі тиіс. Бұдан басқа, көп балалы отбасы жеті баласымен балалар жәрдемақысын және 30 мың теңгедей құрайтын атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Республикалық ведомоствалардың байланыс деректеріне келер болсақ, ерлі-зайыптылар премьер-министрдің primeminister.government.kz мекен-жайындағы блог-платформасына жаза алады. Онда еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіхалықованың блогына сілтеме жасалған. Немесе www.enbek.gov.kz мекен-жайы бойынша еңбек министрлігінің сайтына тікелей шығуға болады».

9 наурыз 2011, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.