- Жеке тұлғаларға Қазақстанға алкоголь және темекі өнімдерінен баж салығынсыз не әкелуге болады?
Телефон арқылы
Кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметініңжауабында көрсетілгендей, бұл норма жеке тұлғалардың тауарларды жеке қолданысы үшін Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы әкелуі және олардың шығарылуымен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы Келісіммен реттелген. Жеке қолданыс үшін әкелуге рұқсат етілген және кедендік төлемдерден босатылған тауарлар төмендегідей:
-жасы 18-ге жеткен бір жеке тұлғаға есептелген есеп бойынша 3 литрден аспайтын алкоголь сусындары және сыра;
- жасы 18-ге жеткен бір жеке тұлғаға есептелген есеп бойынша 200 шылым немесе 50 сигар не болмаса 250 грамм темекі немесе осы аталған өнімдер жалпы салмағы 250 грамнан аспайтындай темекі және темекі өнімдері.