Атырау, 26 желтоқсан 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жауапкершіліктен қашуға болмайды

2 514 просмотра

- Мен жеке кәсіпкермін. Құлсарыда медициналық қызмет көрсететін жекеменшік мекемем бар (ЖШС). Былайша айтқанда, емхана. Ақпанның 18-і күні бұрын жұмыс істеп кеткен қызметкерлеріміз жалақыларымызды толық ала алмай отырмыз деп прокуратураға арыз түсірген. Прокуратура екі күннен кейін тексерді. Тексеру алдында мен қызметкерлеріме жалақыларын берейін деп тұрдым. Және олардан талап-арызым жоқ деген қағаз жаздыртып алдым. Прокуратура тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 175 бабының 2-бөліміне сәйкес, медициналық қызметкерлер медициналық сақтандырылмаған деген ретпен еңбекті қорғау департаментіне мәселені анықтау жөнінде хат жолдаған. Ал департамент өкілдері маған соның негізінде 400 АЕК-пен 600 мың теңгенің үстінде (1 АЕК – 1512 теңге) айыппұл салынатыны туралы хабарлап отыр. Білгім келгені, прокуратура мен департаменттің талабы орынды ма? ҚР ӘҚБтК-нің 67-бабы бойынша әкімшілік жауапкершіліктен босай алам ба?

Сіздің сауалыңызға адвокат Айдос ИБРАЙМОВ жауап береді:

- Қазақстан Республиксының 175-бабының 2-ші бөлімінде «Мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес, мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы: жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға - бiр жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатыны көзделген. Демек, мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес, мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтарған, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш айыпппұлды осы Кодекстің 550-бабына сәйкес, мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары тағайындайды. Ал осы Кодекстің 67-бабына, яғни іс- әрекетiмен өкiнгендiгiн бiлдiруiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату туралы айтатын болсақ, Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейiн келтiрiлген залалды өз еркiмен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өзге де жолмен ретке келтiрсе, әкiмшiлiк жауапкершіліктен мiндеттi сақтандыру шартын жасай отырып, айыппұлды өз еркімен төлегенде ғана босатылуы мүмкін.

3 наурыз 2011, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.